25 елдің әуесқой-спортшылары Алматыдағы жартылай марафонда жүгірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда халықаралық жартылай марафон өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осымен екінші жыл ұйымдастырылған желаяқтар марафонына 25 мемлекеттен мыңдаған адам қатысты.

Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов пен «Алматы марафонының» негізін қалаушы Ғалымжан Есенов марафоншыларға сөреде сәттілік тіледі.

Спортшылар жүгіруді ҚР Тұңғыш Президенті паркінен бастап, Орталық стадионда мәреге жетті. Қатысушылар 10 және 21 шақырымды бағындырып, нәтижесінде 5 мың әуесқой спортшы мәрені бағындырды.

«Марафон мен триатлонның тарихы айналасы екі күннің ішінде қайта жазылғандай. Кеше Австрияда (Вена) әлемге әйгілі желаяқ Элиуд Кипчоге 42,2 шақырым қашықтықты екі сағатқа жеткізбей бағындырып, әлем рекордшысы атанды. Бүгін Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Гаваиде өткен триатлоннан әлем чемпионатында өз жас ерекшелігі бойынша жеңіске жетті. Алматы жартылай марафонының қатысушылары да үлгі тұтарлық ержүрек және күш жігерге ие», - деді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.

Соңғы жаңалықтар