24 жастағы қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бір айдан астам жалғасқан іске бүгін нүкте қойылды. 24 жастағы Саида Ибраимованың өлтірді деп айыпталған азаматтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Қызды өлтіруді ұсынды деп айыпталған Жан Алагөзов 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал екінші сотталушы Гавгаз Алиев 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешімімен олардың мүлкі тәркіленбек.

Судья үшінші күдікті Әлібек Ерғалиұлын да айыпты деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол сот шешімімен сот залында бірден қамауға алынды.

Судья Ерлан Болатов Әлиев пен Алагөзовті сот процесіне кеткен шығын - 471 491 теңгені төлеуге мәжбүрледі.

Сонымен қатар, олардың әрқайсысы жапа шеккен тарапқа 1 млн. 500 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Жас қыздың мәйітінің қалдығы биыл наурызда қала көшелерінің бірінен табылған болатын.

Көп ұзамай күдікті ретінде алматылық үш жігіт қолғатүсті. Олардың екеуі өздерінің қылмыс жасағанын мойындаған болатын. Ал үшінші күдікті Әлібек Ерғалиұлы қыздың денесін өртеп, қылмысты жасыруға көмектескені үшін жазасын тартпақ.

Соңғы жаңалықтар