24 жастағы алматылық жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 24 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Руслан Карапетян соңғы рет 25 наурыз күні кешкі 7 шамасында «Саяхат» автобекеті маңында болған. Жақындары барлық таныстарын аралап, сұрастырып шықты. Олардың ешқайсысы Русланды көрмеген. Ер адамның үстінде көк күртеше, көк джинсы шалбар болған. Ұялы телефоны өшірулі. Содан бері одан хабар жоқ», - деді «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі» қоғамдық ұйымының еріктісі Ислам Угушев.

Русланның үйінде әйелі мен 6 айлық баласы қалды.

Қазір іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері қосылды.

Соңғы жаңалықтар