24 жасар қыздың өлімі: Прокурор зорлық туралы баптың алынып тастауын өтінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 24 жасар Саида Ибраимованың өліміне қатысты істе прокурор судьяға сотталушыларға тағылған зорлық туралы айыпты алып тастауды өтінді.

Мемлекеттік айыптаушы мұны дәлелдейтін айғақтардың жоқтығын алға тартты.

«Анықтау органдарының сотталушы Жан Алагөзов пен Гавгаз Алиевке қызға зорлық жасады деп таққан айыбын растайтын куәгер болған жоқ. Сонымен қатар, бұл әдепті отбасында өскен қыздың ар-намысына нұқсан келтіреді», - деді прокурор.

Сонымен қатар, прокурор үшінші сотталушы Әлібек Ерғалиұлына тағылған 183 бапты (қылмыстық жолмен табылған мүлікті пайдалану) алып тастауды өтінді.

Жапа шеккен тараптың өкілі Сұңқар Нұрмағанбетов аталған өтінішпен келіспеді. Оның ойынша, Әлібек Ерғалиұлын бас бостандығынан айыру керек.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында 24 жастағы алматылық Саида Ибраимованың өлімі бүкіл қаланы дүр сілкіндірген болатын. Тергеушілердің айтуынша, жас қызды буындырып өлтірген. Кейін оның денесі өртелген.

Қылмысқа күдікті ретінде үш алматылық жігіт Жан Алагөзов, Гавгаз Алиев, Әлібек Ерғалиұлы ұсталған болатын.

Аталған іс бойынша сот отырысы маусым айынан бері жалғасып келеді. Алдыңғы екеуі өздерінің қылмыс жасағанын мойындады.

Ал үшіншісі мойындаудан бас тартып отыр. Оған қыздың денесін өртеп, қылмысты жасыруға көмектесті деген айып тағылып отыр.

Соңғы жаңалықтар