24 тамызда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

None
None
 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –  «Қазгидромет» РМК 24 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенбіде ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Қазақстанның тек солтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  жаңбыр жауады. Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік және орталықтың кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл және Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды, түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Атырау облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар