+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

24 тамыз. Туған күн иелері

2019 жылғы 24 тамыз 08:08
Бөлісіңіз:
24 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 24 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


54 жыл бұрын (1965) Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Iргебайұлы АҚСАҚАЛОВ дүниеге келді.

1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: 1987-1989 жылдары Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды. 1989-1991 жылдары - Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы. 1991-1992 жылдары - Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi. 1992-1993 жылдары - Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры. 1993-1996 жылдары - Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi. 1998-2002 жылдары - Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi. 2002-2004 жылдары - Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы. 2006-2010 жылдары - Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары. 2010-2015 жылдары - «Нұр тан» партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы. 2015-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары.

2017 жылғы наурыздан бері қазіргі қызметінде.


44 жыл бұрын (1975) Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Едігеұлы ШОРАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Академик Б.У.Жарбосынов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Урология ғылыми орталығының аспирантурасын бітірді. Rollins School of Public Health (Emory University) магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының кандидаты.

Академик Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында (Алматы), радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ (Семей), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеді. 2008–2009 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры (Алматы). 2009–2011 жылдары – Emory университетінің Клиника жобалары бойынша менеджері (Emory University, Rollins School of Public Health, Атланта, АҚШ). 2012 жыл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК экологиялық зерттеулер орталығының басшысы (Астана қаласы). 2012–2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК бас директорының медициналық ғылым және білім жөніндегі орынбасары. 2013–2014 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры. 2014–2015 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры. 2015 жылы – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ трансформация департаментінің директоры. 2016–2017 жылдары – «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарушы директоры. 2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуірінен.


40 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Ержан Ерсайынұлы ЕРСАЙЫНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Никитинка ауылында туған.
2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын, 2009 жылы осы оқу орнында «Юриспруденция» мамандығын алып шыққан.

2002-2005 жылдары Өскемен қалалық қаржы бөлімінде жетекші маман, бас маман-ревизор, 2005 жылы Өскемен қалалық мәслихат аппаратының бас маманы, 2005-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының бас маманы, облыс әкімінің көмекшісі, 2009-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкімнің орынбасары, 2011-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бойынша комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әкімшілік жұмыс бөлімінің меңгерушісі, әкімшілік жұмыс және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас инспекторы, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) сектор меңгерушісі.

2018 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT