24 шілде: Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 24 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

24 шілде, СЕЙСЕНБІ

ЕСІМДЕР

null 78 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі БАЛАЕВ Геннадий Николаевич дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған. Консерваторияның фортепиано класы бойынша 3 курсын, Ташкент театр институттын бітірген.

Самарқандтың орыс драма теарында, М.Горький атындағы Владивосток өңірлік орыс драма театрында актер қызметін атқарған. 1971 жылдан - М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актеры.

Театр сахнасында жүзге жуық басты рөлдерді сомдаған.

«Саранча», «Мне не забыть, не простить», «Примите Адама!», «Шоқан Уәлиханов», «Перекличка» атты кинофильмдерде ойнаған.

null 77
 жыл бұрын (1941) ҚР Көркемсурет академиясының мүшесі, суретші, мультипликатор, кітап безендіруші БЕЙСЕМБИНОВА Елена Сергеевна дүниеге келді.

Саратов қаласында (Ресей) туған. Мәскеу жоғары көркем-өнеркәсіп училищесінің маталарды көркем безендіру факультетін бітірген.

32 балалар және көркем әдебиет кітабын безендірген. Шығармашылық жөніндегі газет-журналдардағы көптеген мақалалардың авторы. 10 мультипликациялық фильмнің қоюшы-суретшісі. Кескіндемеші, график. Көптеген шетелдік және халықаралық көрмелерге қатысты. Алматыда, Сеулде, Киевте және басқа да көптеген қалаларда жеке көрмелерін өткізді. Жұмыстары Чехия, Венгрия, Ресей, Түркия, Оңүстік Корея, Украина, Швеция, Канада, АҚШ, Германия, Қазақстан, Үндістан, Австралия музейлері мен жеке топтамаларда сақтаулы. 1967 жылдан Киев көркемсурет қорында суретші-монументалист, 1968 жылдан - «Өнер» көркемсурет қорының суретшісі, «Жалын» және «Жазушы» баспаларында суретші-безендіруші. 1968-1997 жылдары - республикалық, аймақтық және бүкілодақтық көркемсурет көрмелеріне қатысты. 1974-1984 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясында мультфильмдер қоюшысы.


null 57 жыл
 бұрын (1961) ауыр атлетикадан белгілі бапкер НИ Алексей Геннадьевич дүниеге келді.

Жамбыл қаласында туған. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірді, ауыр атлетика бойынша жаттықтырушы.

Аталған қызметінде 1994 жылдан бастап. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерін, әлем чемпиондарын жаттықтырды. 2016 жылға дейін ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды. 

«Құрмет» орденімен марапатталған.

52 жыл бұрын (1966) шахматшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, зағиптар арасындағы әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері ЖҮНІСОВ Мұрат Сатыбалдыұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысының Балқаш қаласында туған. Алғашқы жаттықтырушылары - Ерғазы Әлімжанов, гроссмейстер Болат Асанов. Қарағанды облысының екі дүркін чемпионы (1990, 1991), республикалық студенттер ойындарының чемпионы (1989), Қазақстан зағиптар қоғамының төрт дүркін чемпионы (1990, 1992, 1994, 1997), халықаралық турнирлердің жүлдегері (Брно, Чехия, 1994; Мәскеу, 1994; Петропавл, 1994; Бенавенте, Испания 1995; Нью-Йорк, АҚШ 1995). Шахматты шапшаң ойнаудан Астана қаласының чемпионы (2000), Алматы қаласының чемпионы (1997, Алматы; 2000, Астана). Қазір Астана қаласындағы шахмат клубында жаттықтырушылық қызмет атқарады.

null 235 жыл бұрын (1783-1830) Оңтүстік Америкадағы Испания отарларының тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткерлердің бірі БОЛИВАР Симон дүниеге келді.

Венесуэланың Каракас қаласында туған. Жастық шағын Еуропада (Испания, Франция, Италия) өткізген. Дүниетанымының қалыптасуына ұстазы С.Родригес пен Еуропаның алдыңғы қатарлы ойшылдары әсер еткен. Отанына қайтып оралған соң, Венесуэладағы испан үстемдігіне қарсы күреске белсене араласты. Бұл кезде Оңтүстік Америкада отаршылдарға қарсы қозғалыстар кең қанат жая бастаған. Боливар Венесуэлада испандықтар үстемдігін құлату жөніндегі 1811 жылы  наурыздың 2-інде 7 провинция өкілдері қатысқан Ұлттық конгрестің шақырылуын ұйымдастырушылардың бірі болды. Конгресс 1811 жылы шілденің 5-інде Венесуэланың тәуелсіздігін жариялап, сол жылы желтоқсанның 21-інде Конституциясын қабылдады. Ол республиканы испандықтар құлатқаннан кейін, Боливар Жаңа Гренадаға (қазіргі Колумбия) қоныс аударып, күресін жалғастырды. Боливар ондағы қозғалыстарға (1812 жылдың аяғы - 1813 жылдың басы) араласып, әскер жасақтап, 1813 жылы Каракасты басып алды да, Екінші Венесуэла республикасын құрды. Осы үшін Боливарға «Венесуэланы азат етуші» деген құрметті атақ берілді. 1814 жылы Боливар әскері жеңіліс тапқан соң, басқа елге кетуге мәжбүр болды. 1819 жылы Боливар әскері Жаңа Гренаданы азат етіп, құрамына Венесуэла мен Жаңа Гренада кірген Ұлы Колумбия республикасының президенті болып сайланды. 1824 жылы Боливар әскері Жоғарғы Перудегі испан жауынгерлерін талқандап, сонда құрылған Боливия (Боливардың құрметіне аталды) Республикасын басқарды. 1830 жылдың басында Боливар биліктен кетті.

Соңғы жаңалықтар