24 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 24 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

10.00-де Назарбаев орталығында көлік саласында мектеп оқушылары арасында өтетін республикалық байқаудың ақтық іріктеу сайысы басталады.

15.00-де «Байқоңыр» ауданында (Ш.Уәлиханов к., 4) аудан әкімі Е. Қаналимовтің, «Астана қалалық жарық» ЖШС директоры Г. Төрехановтың және малайзиялық корпорация LLP «Itramas Corporation» атқарушы директоры Youn Shen Lee кездесуі өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Достық үйінде А. Байтұрсынов атындағы тіл ғылымы институты мен «Қазақ тілі» халықаралық қауымдастығы «Латын әліпбиі әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

10.00-де Тұран университетінде №2 комиссия Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының есебін тыңдайды.

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз қызметінде Қазақстандағы балалар онкологиясына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қуыршақ өнерінің қоғамға ықпалы, 2018 жылы дәстүрлі ұлттық қуыршақтарды жаңғырту жұмыстары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар