24 наурызда күн жылы, аспан ашық болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 24 наурыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның бүкіл аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.

Тек республиканың солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі.

Аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Соңғы жаңалықтар