24 наурыз. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 24 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

8 1 жыл(1942) бұрын сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКҰЛЫ дүниеге келген.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді ауылында туған. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Қырық жылға жуық Өзбекстан Республикасы ғылыми-инженерлік қала құрылысын жобалау институтында сәулетші, бас сәулетші болып еңбек еткен. Ол «Нұр Астана» мешіті, Астана қаласы ұлттық нейрохирургия орталығы, «Алатау» ТК жұмыс жобасы, «Егемен Қазақстан» ғимараты кешенінің жұмыс жобасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің зертханалық корпусы мен жатақханасы құрылыстарын, Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы әуежай, Ташкенттегі Үкімет қонақ үйі, Ферғанадағы облыстық пошта, Самарқандтағы облыстық әкімшілік үйі, драма театры мен орталық кітапхана ғимараттарын, Ферғана және Самарқан қалаларындағы бірқатар тұрғын үй аудандары құрылысын жобалауға қатысқан.. «Құрмет» және І дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Қазақстан және Өзбекстан Сәулетшілер одағының мүшесі, Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, «Тәуелсіздікке 10 жыл» медалінің иегері.

80 жыл бұрын (1943) ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы І. Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рафаэль НИЯЗБЕКОВдүниеге келді.

Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

Еңбек жолын Талас аудандық «Ленин жолы» газетінен бастаған. «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында редактор болып істеген. Ақынның «Келер күндер», «Қаратау мен Алатау», «Темірқазық», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Биіктей бер, тауларым!» «Шешендер» атты жыр жинақтары, «Отағасы», «Қаңтар» повестері, «Қызыл үй», «Тас құдай» романдары жарық көрген. Шешенстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік «Ұлт намысы» орденімен марапатталған.

6 7 жыл бұрын(1956) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі Ерік Хамзаұлы СҰЛТАНОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген.

1978-1993 жылдары «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында қызмет атқарған. 1993-1994 жылдары – Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы еңбек қорғау департаментінің төрағасы. 1995-1996 жылдары – «Екібастұзшахтақұрылыс» өндірістік бірлестігіінің президенті. 1996-1998 жылдары – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің төрағасы. 1998-1999 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің директоры. 2000-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің сыртқы займдар жөніндегі консультанттарының бас үйлестірушісі. 2001-2002 жылдары – «Қазақавтожол» РМК бас директорының бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфроқұрылымдық кешендер құрылысы комитетінің төрағасы. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы. 2005-2006 жылдары – «Қазақ жолқұрылысы» ЖШС-ның бас директоры. 2006-2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2008–2014 жылдар аралығында «ҚТЖ» АҚ-ның вице-президенті. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды (2014-2017). Парламент Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерік комитетінің хатшысы (2017-2023).

Қазіргі қызметін 2019 жылдан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

61 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Парламентаризм институты директорының міндетін атқарушы Қанатбек Бейсенбекұлы САФИНОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік бітірген. Заң ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтында бастады. 1996 жылдан - ҚР-ның ГФР-дағы сауда өкілінің орынбасары, «Қазақстан әуе жолы» Ұлттық авиакомпаниясының вице-президенті. 1997-2002 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі. 2002-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры. 2006 жылдан – «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2009 қаңтар-маусым айларында – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2009-2010 жылдары – ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы. 2010-2014 жылдары – ҚР мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы. 2014-2019 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. ҚР Парламенті Сенатының депутат, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы (2019-2023).

Қазіргі қызметінде – 2023 жылдың қаңтарынан бері.

«Құрмет», «Барыс» орденімен марапатталған.

59 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Станиславович ТЫНЫСБЕКОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған.

1984 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1984-1959 жж. - Кеңес әскері қатарындағы қызметі (взвод командирі орынбасары, рота старшинасы). 1986-1991 жж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Кеңес-Партия билік органдарында жұмыс істеді. 1991-1996 жж. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының қаржы органдарында жұмыс істеді. 1996-2000жж. Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық инспекциясы бастығының орынбасары. 2000-2002 жж. ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2002-2008 жж. ҚР Қаржы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2008-2010 жж. ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы бойынша салық департаменті Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының бастығы. 2010-2012 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Атырау облысы бойынша салық департаментінің бастығы. 2012-2014 жж. ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары. 2014-2017 жж. ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2017-2019 жж. - ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2019-2021 жж. - ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

58 жыл бұрын (1965) ҚР мемлекет қайраткері Қайрат Пернешұлы ҚОЖАМЖАРОВ дүниеге келді.

А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1987 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында қызмет еткен. 1995 жылғы қыркүйектен бастап 1998 жылғы наурызға дейін кеден органдарында қызметте болған. 1999 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін қаржы полициясы органдарында қызмет етті. Әр түрлі лауазымдарда: 2001 жылғы ақпаннан бастап агенттіктің тергеу басқармасының бастығы, 2002 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы мамырға дейін Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары, 2004 жылғы мамырдан бастап 2007 жылғы қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы, 2007 жылғы қаңтардан бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары болды. 2008 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. 2012 жылғы қаңтардан – Ақмола облысының әкімі. 2013 жылғы қаңтардан – ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2016-2017 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған. 2017-2019 жылдар аралығында ҚР Бас прокуроры. Қаржы полициясының генерал-майоры. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (2019-2023).

ІI дәрежелі «Даңқ» орденімен, Ресей Федерациясының «За нашу победу» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар