+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

24 наурыз. Туған күн иелері

2020 жылғы 24 наурыз 08:10
Бөлісіңіз:
24 наурыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 24 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1943) ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы І.Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рафаэль НИЯЗБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Талас аудандық «Ленин жолы» газетінен бастаған. «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында редактор болып істеген. Ақынның «Келер күндер», «Қаратау мен Алатау», «Темірқазық», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Биіктей бер, тауларым!» «Шешендер» атты жыр жинақтары, «Отағасы», «Қаңтар» повестері, «Қызыл үй», «Тас құдай» романдары жарық көрген.
Шешенстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік «Ұлт намысы» орденімен марапатталған.


64 жыл бұрын (1956) Парламент Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерік комитетінің мүшесі Ерік Хамзаұлы СҰЛТАНОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген.

1978-1993 жылдары «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында қызмет атқарған. 1993-1994 жылдары - Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы еңбек қорғау департаментінің төрағасы. 1995-1996 жылдары - «Екібастұзшахтақұрылыс» өндірістік бірлестігіінің президенті. 1996-1998 жылдары - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің директоры. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің сыртқы займдар жөніндегі консультанттарының бас үйлестірушісі. 2001-2002 жылдары - «Қазақавтожол» РМК бас директорының бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфроқұрылымдық кешендер құрылысы комитетінің төрағасы. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы. 2005-2006 жылдары - «Қазақ жолқұрылысы» ЖШС-нің бас директоры. 2006-2008 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 - 2014 жылдар аралығында «ҚТЖ» АҚ-ның вице-президенті.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды (2014-2017).

«Құрмет» орденімен марапатталған.

58 жыл бұрын (1962) ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қанатбек Бейсенбекұлы САФИНОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік бітірген. Заң ғылымдарының докторы. Еңбек жолын ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтында бастады. 1996 жылдан - ҚР-ның ГФР-дағы сауда өкілінің орынбасары, «Қазақстан әуе жолы» Ұлттық авиакомпаниясының вице-президенті. 1997-2002 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі. 2002-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры. 2006 жылдан - «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2009 қаңтар-маусым айларында - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2009-2010 жылдары - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы. 2010-2014 жылдары - ҚР мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы. 2014-2019 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдан бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған. Бірқатар жұмыстардың, монографияның, басқа да ғылым еңбектердің, өнертабыстардың авторы.

55 жыл бұрын (1965) ҚР Парламенті Мәжілісінің (VI шақырылым) депутаты, Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Мансұрхан Махамбетұлы МАХАМБЕТОВ дүниеге келді.

ОҚО-да туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы - құқықтанушы.

1991-1996 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында әртүрлі қызметтер атқарған.

2000-2002 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының құқықтық ақпарат жөніндегі аға көмекшісі, Шымкент көлік прокурорының аға көмекшісі. 2002-2006 жж. - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Алдын ала тергеудің және анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменті Қаржы полициясы органдарындағы және ҰҚК-дағы алдын ала тергеудің, анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының аға прокуроры, Павлодар облысы прокуратурасының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры. 2006-2011 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының прокуроры. 2011-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әскери басқармасының арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Өңірлік көлік басқармасының бастығы. 2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Тергеу департаменті 1-ші басқармасының (тергеуді және анықтауды ұйымдастыру және оларды бақылау жөніндегі басқармасының) бастығы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Тергеу департаменті бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының бірінші орынбасары. 2015-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы басқармасының аға прокуроры. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап -ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Марапаттары: «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі Үйленген, төрт баласы бар.

55 жыл бұрын (1965) мемлекет қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Пернешұлы ҚОЖАМЖАРОВ дүниеге келді.

А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1987 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында қызмет еткен. 1995 жылғы қыркүйектен бастап 1998 жылғы наурызға дейін кеден органдарында қызметте болған. 1999 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін қаржы полициясы органдарында қызмет етті. Әр түрлі лауазымдарда: 2001 жылғы ақпаннан бастап Агенттіктің тергеу басқармасының бастығы, 2002 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы мамырға дейін Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары, 2004 жылғы мамырдан бастап 2007 жылғы қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы, 2007 жылғы қаңтардан бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары болды. 2008 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. 2012 жылғы қаңтардан - Ақмола облысының әкімі. 2013 жылғы қаңтардан - ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2016-2017 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған. 2017 -2019 жылдар аралығында ҚР Бас прокуроры.

Қаржы полициясының генерал-майоры. ІI дәрежелі «Даңқ» орденімен, Ресей Федерациясының «За нашу победу» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT