+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

24 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 24 наурыз 07:00
Бөлісіңіз:
24 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 24 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
19 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі 18 қаңтар. Туған күн иелері 18 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен неміс микробиологы Роберт Кох туберкулез таяқшаларын ашқан күнінің (1882) құрметіне орай атап өтіледі. 1998 жылғы қарашаның 16-сына Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы шықты. Онда туберкулезбен күрестің негізгі шаралары анықталып берілді. Қазақ Ұлттық медицина университеті Т.Ә. Момыновтың басшылығымен Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) қолдауымен туберкулезбен күрес жөніндегі халықаралық бағдарламаны орындап отыр. Бағдарламаға Люксембург денсаулық сақтау министрлігі, Швецияның Корольдік академиясы, Токионың медицина мектебі, Гамбургтегі Медициналық білім академиясы сияқты шетелдік ұйымдар тартылды.

Адам құқықтарының өрескел бұзылуы және құрбандардың абыройына қатысты ақиқат орнату құқығының халықаралық күні

2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен бекітілген. 24 наурыздың таңдалу себебі - 1980 жылы дәл осы күні төртінші Сан-Сальвадор архиепископы Оскар Ромеро қайтыс болды. Ол әлеуметтік теңсіздікке, кедейлікке, күш қолдану мен адам өлтіруге қарсы күресудің ірі қайраткері, танымал құқық қорғаушы еді.

Халықаралық ақпараттандырушылар күні

Ақпараттандырушылардың қоғамға қосқан маңызды үлесін атап өту үшін, сондай-ақ адамдарды үнсіз қалмауға, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға төнетін қауіп-қатерлермен белсенді күресу үшін құрылған. Мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық, жеке немесе коммерциялық

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1976 жылы Семей қаласынан 70 шақырымда орналасқан Шүлбі су электр стансасының құрылысы басталды. Ол Ертіс бойындағы үшінші әрі белгіленген қуаттылығы жағынан Қазақстандағы ең ірі СЭС.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасының арасында дипломатиялық қатынастарды орнату туралы ноталар алмасылды.

2000 жылы Қызылорда облысының Жаңа Қазалы қаласына Әйтеке би есімі берілді.

2006 жылы Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына Кавказ халықтарының Х ғасырдан бергі тарихы туралы 170 кітап тарту етілді. Кітаптарды ресейлік профессор, Халықаралық гуманитарлық миссия делегаты Магомед Мальсагов өзінің жеке кітапханасынан алып сыйға тартты. Бұдан тыс, М. Мальсагов Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына ХІІІ-ХХ ғасырлардағы 12 әскери-тарихи картаны да қоса сыйлады. Оларды реставрациялау үш жылға жалғасты.

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Финляндияның Ақ Раушаны» және «Финляндия Арыстаны» ордендерімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат Қазақстан басшысына екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға және халықаралық қауіпсіздікті сақтауға қосқан зор үлесі үшін табыс етілді.

2011 жылы халықтар арасындағы бейбітшілікті орнату мен келісімді нығайтуға, әлемдік қоғамдастықты біріктіру мен өркениеттердің жаһандық диалогын жандандыруға қосқан сүбелі үлесі үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Өркениеттер диалогы» Халықаралық қоғамдық қорының сыйлығымен марапатталды.

2014 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағына қазақстандық «Қазсат-3» спутнигі жеткізілді. Телекоммуникациялық «Қазсат-3» ғарыштық аппараты Қазақстан мен шекаралас мемлекеттер аумағында байланыс, телехабар тарату және жоғары жылдамдықтағы Интернет қызметтерін ұсынуға арналған. Спутник «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ-мен (Қазақстан Республикасы) келісуім-шарт бойынша жасалып, әзірленген. Спутник 28 Ku-диапазоны транспондерлерімен жабдықталған. Спутниктің белсенді өмір сүру кезеңі 15 жылды құрайды.

2017 жылы Екібастұздың 64 жастағы тұрғыны Анатолий Пырлик экспедиция құрамында мұз үстімен Байкал көлінің (1 642 метр) терең нүктесіне дейін жетті және Павлодар География үйінің жалауын көтерді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT