24 маусым. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат сәрсенбі 24 маусымға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

82 жыл бұрын (1940) ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Сейіт Асқарұлы ҚАСҚАБАСОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Әдебиет жөне өнер институтының ғылыми қызметкері, Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғылыми хатшысы, СССР Ғылым академиясы Әлем әдебиеті институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының қызметкері, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклорының теориясы мен тарихына, әдебиет пен өнер мәселелеріне, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларының текстологиясына арналған. Қасқабасовтың мифология мен прозалық фольклордың шығу тегі мен даму жолдары, фольклордағы әр заман болмысының сипатталу ерекшеліктері, фольклордың көркемдік әдісі туралы теориялық ой-пікірлері мен тұжырымдары өзбек, татар, түрікмен, карақалпақ, башқұрт ғалымдарының зерттеулерінде қолдау тауып, негізге алынды. В.Радлов жинаған қазақ фольклоры үлгілері мен ақын-жыраулар шығармалары енген «Алтын сандық», «Ел қазынасы - ескі сөз» жинақтарын құрастырушылардың бірі. Жамбылдың орыс тіліндегі таңдамалы жинағының алғы сөзі мен түсініктерін жазып, құрастырған. 300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының, Жамбыл атындағы, Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты.

58 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Президентінің архиві директорының орынбасары Бейсембай Қуанышұлы ЖҰМАБЕКОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Нұра ауданының Шахтер ауылында туған. 1993 жылы Е.А Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

2005 жылдың маусымынан бері «Нұр Отан» ХДП және «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мүшесі. 1993 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қарағанды қалалық әкімдігі аппаратында мемлекеттік инспектор, Қарағанды облыстық Үйлестіру кеңесі хатшылығының меңгерушісі, Қарағанды облыстық ішкі саясат департаментінің бастығы болып еңбек етті. Ол 2007 жылы IV шақырылымдағы Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы қызметіне, ал 2012 жылы V шақырылымдағы Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы лауазымына сайланды. 2013 жылдың мамыр айынан 2014 жылдың маусым айына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2015-2017 жылдары – «Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы кітапханасы» ММ атқарушы директоры, 2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі қызметін 2020 жылдан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық төсбелгілермен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар