+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

24 маусым. Туған күн иелері

2019 жылғы 24 маусым 08:10
Бөлісіңіз:
24 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат дүйсенбі, 24 маусымға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null 79 жыл бұрын (1940) ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Сейіт Асқарұлы ҚАСҚАБАСОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Әдебиет жөне өнер институтының ғылыми қызметкері, Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғылыми хатшысы, СССР Ғылым академиясы Әлем әдебиеті институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының қызметкері, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған.

Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклорының теориясы мен тарихына, әдебиет пен өнер мәселелеріне, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларының текстологиясына арналған. Қасқабасовтың мифология мен прозалық фольклордың шығу тегі мен даму жолдары, фольклордағы әр заман болмысының сипатталу ерекшеліктері, фольклордың көркемдік әдісі туралы теориялық ой-пікірлері мен тұжырымдары өзбек, татар, түрікмен, карақалпақ, башқұрт ғалымдарының зерттеулерінде қолдау тауып, негізге алынды. В.Радлов жинаған қазақ фольклоры үлгілері мен ақын-жыраулар шығармалары енген «Алтын сандық», «Ел қазынасы - ескі сөз» жинақтарын құрастырушылардың бірі. Жамбылдың орыс тіліндегі таңдамалы жинағының алғы сөзі мен түсініктерін жазып, құрастырған.

300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының, Жамбыл атындағы, Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты.

null 47 жыл бұрын «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Байқуанышұлы БАТЫРҚОЖА дүниеге келді.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. 1993 жылы Н. И. Крылов атындағы Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, 2005 жылы «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақтелеком» ААҚ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында жұмыс істеген. 2010-2014 жылдары - Дүниежүзілік банк жобасы «Технологияларды коммерцияландыру» жобаны басқару тобының директоры. 2014-2017 жылдары - ҚР ИДМ технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры. 2017-2018 жылдары «Синергия» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-де директор қызметін атқарған.

2019 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Смағұлова Еркежан

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT