+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

24 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылғы 23 маусым 21:48
Бөлісіңіз:
24 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 24 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы басталады.

10.00-де «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында партия жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтеді. Отырыста жастар кәсіпкерлігін қолдау мәселелері, атап айтқанда «Жас кәсіпкер» және «Бастау бизнес» жобаларын іске асырудың тиімділігі талқыланады.

10.00-де EХРО халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana және Futuroad Expo Astana халықаралық көрмесі ашылады.

11.00-де Орталық сайлау комиссиясы ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша отырыс өткізеді. ҚР ОСК интернет-ресурсында онлайн көрсетілім ұсынылады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де «Астана Балет» театрында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балет-эпосының пресс-көрсетілімі өтеді.

16.00-де «Астана Балет» театрында РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері Георгий Ковтунның қойылымындағы маусымның басты премьерасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

17.00-де Қазмедиа орталығында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «Urker-2021» ұлттық сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT