24 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде вегетациялық кезеңдегі су ресурстарын тиімді пайдалану және елді мекендерді газдандыру мәселелері қаралады.
11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында теміржол нысандарында азаматтардың өндірістік емес жарақаттануының алдын алу мәселелеріне арналған брифинг өтеді.
14.00-де Қазақстандық ірі дәрілік заттар өндіруші - SANTO компаниясы «Қазақстанның дәрілік қауіпсіздігі» онлайн-вебинарын ұйымдастырады және фармацевтика нарығындағы жағдай және пандемияның қандай шешімдер қабылдауға мәжбүр еткені туралы баяндайды. https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScXgQ4sS2HajoOZ1du7cTybcJHhPAeCXhcbJmIYsHjMfgkBPg/viewform
15.00-де Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында алғаш рет ұйымдастырылған ҚР Мәдениет және спорт министрі Кубогінің жартылай финалы мен финалы өтеді. Жарыстың ресми ашылуы мен марапаттауына қатысатын құрметті қонақтар: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
19.00-де Номад Сити Холл сахнасында «Детектив Кристофер» детективті драмасы көрсетіледі.
19.00-де «Жастар» театрында «Современник» театры «Жестокий урок» драмасын ұсынады.