24 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 24 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де ҚР Президент Іс басқармасының Медициналық орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цойдың қатысуымен конференция өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Сенатта «Өңір» депутаттық тобы шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау мәселелері бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесу өткізеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Ерекше білім алуды қажет ететін балалары бар отбасыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директорының әлеуметтік жұмыс бойынша орынбасары Дидар Қалиев. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы.Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz


Соңғы жаңалықтар