24 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман күтіледі, жел күшейеді. Тек республиканың солтүстігі, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайды.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысында, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей  жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар