24 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 24 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін ең маңызды оқиғаларды оқырман назарына ұсынады.

АСТАНА

9-15-те Ішкі істер министрлігінде «ҚР ІІМ жол-патрульдік полициясының саптық бөлімшелерінің кәсібіндегі үздіктер» атты республикалық сынау-байқау шарасының ресми ашылуы болады.

10-00-де Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту».

10-00-де ««Думан» қонақ үйінде Көші-қон бағдарлары бойынша адам саудасымен күрес» тақырыбында симуляциялық тренингтің ашылуы болады.

12.00-де Назарбаев Университетінде профессор Мелахат Бильге Демиркёз «Түркиядағы ғарыштық сәулеленуді сынау: CERN-мен ынтымақтаста» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.

15-00-де Астана-Қарағанды тасжолына жүргізілген рейд қорытындысын жариялауға арналған баспасөз мәслихаты болады.

16-00-де «Қазмедиа орталығында» ақпарат, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді көрсету салаларын дамыту мәселелері бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

10-00-де Қазақ спорт және туризм академиясында 29-шы Қысқы универсиаданың Алау эстафетасының алматылық кезеңіне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

11-00-де Алау эстафетасы басталады. Эстафета балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан басталып Республика сарайына дейінгі аралықта Абай көшесінің бойымен өтеді. Алауды FISU президенті Олег Матыцин, Қазақстанның Ұлттық спортшы студенттері одағының президенті Қайрат Зәкіриянов, боксшы Қанат Ислам, Футболшы Дінмұхамбет Сүлейменов, альпинист Мақсұт Жұмабаев сынды танымал азаматтар алып жүреді.

Соңғы жаңалықтар