24 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 24 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

117 жыл бұрын (1904-1992) жазушы, аудармашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Хасен ӨЗДЕНБАЕВ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Орынборда мұғалімдер даярлау курсын (Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтардың дәрісіне қатысқан), Мәскеуде облыстық газет редакторларын даярлау курсын, Қостанай мұғалімдер институтын бітірген.

1920-1928 жылдары кеңес заң органдарында қымет істеді, 1928-1973 жылдары баспалардың редакторы болды. Әдеби қызметін 1929-1930 жылдары бастады. 1937 жылдың көктемінде Шығыс Қазақстан өңірінде шығып тұрған газетке редактор, бір жылдан соң партиялық баспаның бас редакторы болды. Ал содан жарты жыл өткенде халық жауы ретінде партия қатарынан шығарып, контрреволюциялық қызметі үшін қамауға алады. Басқа да түрлі айыптаулар тағылып, 1938 жылы сотталып, 1941 жылға дейін түрмеде отырып шықты. Ол сотталып шыққаннан кейін ұзақ жылдар бойы ҚазТАГ ақпарат агенттігінде (қазіргі «ҚазАқпарат» ХАА, биыл агенттікке 100 жыл толып отыр) қызмет етті.

Қостанай округтік «Ауыл» газетінде фельетондары, очерктері жарияланды. М.Алексеевтің «Большевиктер», М.Шолоховтың «Көтерілген тың», «Тынық Дон», И.Гончаровтың «Обломов», О.Бальзактың «Шегірен былғары» романдарын, П.Мерименің, И.Вазовтың әңгімелерін қазақшаға аударды. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романын Н.Кузьминмен бірге қазақ тілінінен орысшаға аударды, А.Мұхтардың «Апалы-сіңлілер» романын өзбекшеден, Ә.Еникидің «Айтылмай қалған өсиет» повесін татаршадан тікелей қазақшалады. «Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

57 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Қуанышұлы ҒЫЛЫМОВ дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Еңбек Қызыл Ту ордені атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1987), Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2000) бітірген.

Еңбек жолы: Гурьев облысының Қосшағыл кеңшарында слесарь (1981-1982); Гурьев облысы Қосшағыл совхозының «Автогаражында» машина ауласының меңгерушісі (1987-1988); Гурьев облысы Қосшағыл совхозының МТМ меңгерушісі (1988-1990); Гурьев облысы Теңдік совхозының бас инженері (1990-1991); «Атыраурыбпром» басқармасының инженері (1991-1992); «Меркурий-Интернейшнл» бірлескен кеңес-Француз кәсіпорнының техникалық директоры (1992-1993); «Алин-Холдинг» ЖШС Атырау өкілдігінің өңірлік өкілі (1993-1995); «Қант орталығы» ЖШС өкілі (1995-1997); «Қазақстан Сауда және қаржыландыру» РҚБ өкілі (06.1997-12.1997); ҚР Салық полициясы органдарындағы қызмет (1998-2002); Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (2002-2005); «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» филиалы аппаратының басшысы - директордың орынбасары (2005-2007); ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығы орынбасарының м.а. (04.2008-06.2008); ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары (06.2008-08.2008); ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау және Маңғыстау облыстары, Атырау қаласы бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бастығы (2008-2009); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау және Маңғыстау облыстары, Атырау қаласы бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының басшысы (2013-2014); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Атырау облысы көліктік бақылау инспекциясының басшысы (2014-2017); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасының орынбасары (2017-2019).

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурыз айынан бастап.

52 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Талапұлы ҚАБДЕНОВ дүниеге келді.

Шымкент педагогикалық институтын (1992), Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін (1996) бітірген. Арнайы атағы: полиция генерал-майоры. Еңбек жолы: Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасы ҚІБ жедел уәкілі (1992-1993); Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының аға жедел уәкілі, бөлімше бастығы, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, бөлім бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы МТКБ бастығының орынбасары (1993-1997); Оңтүстік Қазақстан облысы БІІБ ұйымдастырушылық-әдістемелік және КПҚ шетелдіктермен жұмыс жөніндегі басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығы (1997-1999); Сарыағаш ауданы Ішкі істер басқармасы полиция бөлімінің бастығы (1999-2001); Шымкент қаласы 1-полиция бөлімінің бастығы (2001-2003); Ақмола облысы БІІБ бастығының орынбасары (2003-2005); Батыс Қазақстан облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары (2005-2007); Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің бастығы (2007-2009); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (2009-2011); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті төрағасының орынбасары (2011-2012); Павлодар облысы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) департаментінің бастығы (2012-2014); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кеңесшісі (2014-2017). Қазіргі лауазымын 2017 жылғы наурыз айынан бері атқарып келеді.

44 жыл бұрын (1977) Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының бас директоры Өркен Серікқалиұлы БИСАҚАЕВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техника университетін экономика және менеджмент, инженер-экономист, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: Батыс Қазақстан облысындағы «Интергазқұрылыс» ААҚ-да экономист (1999-2000); Атырау қаласының «Интергазқұрылыс» ААҚ-да КТК жобасы директорының орынбасары (2000-2002); Атырау облысының «Интергазқұрылыс» ААҚ-да Теңізшевроил жоба басқармасының инженер-жобалаушысы (2002-2003); Батыс Қазақстан облысының «Интергазқұрылыс» ААҚ-да жоспарлау-экономикалық бөлім басшысының орынбасары (2003); Алматы қаласы «Қазтранском» ААҚ–да Шаруашылық департаментінің күрделі құрылыс бөлімінің бастығы (2003-2004); Алматы қаласы «Ньютек Дистрибьюшин» ЖШС менеджері, корпоративтік жобалар департаментінің директоры, бас директордың орынбасары (2004-2007); Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің бас инспекторының міндетін атқарушы (03.2007-04.2007); Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің бас инспекторы (2007-2008); Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің меңгерушісі (2008-2010); Ақтау қаласы әкімінің орынбасары (2010-2012); Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының жетекшісі (2012-2016); Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының жетекшісі (2016-2017); Ақтау қаласы әкімінің орынбасары (01.2017-11.2017); Маңғыстау облысы туризм басқармасының жетекшісі (2017-2018); Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары (2018-2019); «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы (04.2019-09.2019). 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі.

Қазіргі лауазымын 2021 жылғы наурыз айынан бері атқарып келеді.


Соңғы жаңалықтар