24 қазан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 24 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null
ЕСІМДЕР

123 жыл бұрын (1895-1983) балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сапарғали БЕГАЛИН дүниеге келген.

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Дегелең ауылында туған.  

1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929 - 1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түрксіб басқармасында жауапты жұмыстар атқарды. 1935-1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.

Алғашқы өлеңі - «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналында басылды. «Қыран кегі» (1943), «Цимлян теңізі» (1953), «Таңдамалы» (1956), «Сырлы қайнар» (1963), тағы басқа өлеңдер мен поэмалар, «Көксегеннің көргендері» (1948), «Ермектің алмасы» (1955, 1985), «Сәтжан» (1947), «Жас бұтақ» (1953), «Жеткіншектер» (1960), «Мектеп түлектері» (1961), «Шоқан асулары» (1971), «Қыран туралы аңыз» (1976), «Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме, повестер жинақтары, «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.

58 жыл бұрын (1960) Астана қалалық сотының төрағасы  Тілектес Ешейұлы БӘРПІБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылында дүниеге келген.

1981-1986 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде білім алды.

Мамандығы бойынша еңбек жолын 1986-1987 жылдары Қаскелен қаласындағы ІІБ инспекторы болып бастады. 1987-1990 жылдары Жамбыл аудандық ІІБ тергеушісі. 1992-1995 жылдары Жамбыл аудандық сотының судьясы. 1995-1999 жылдары Жамбыл аудандық сотының төрағасы. 1999-2002 жылдары Алматы облыстық сотының төрағасы. 2002-2003 жылдары Алматы қалалық соты азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы. 2003-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 2007-2012 жылдары Алматы қалалық сотының төрағасы. 2012-2013 жылдары Алматы облыстық сотының төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2013 жылғы желтоқсаннан бері.

«Құрмет» ордені (2012), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медальдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен (2001) марапатталған.

56 жыл бұрын (1962) Қостанай облысы Сарыкөл ауданының әкімі Амантай Кәкімбекұлы БАЛҒАРИН дүниеге келді.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданынның Тимофеев поселкесінде дүниеге келген. 1981 жылы Қостанай ауыл шаруашылық техникумын ветеринар фельдшері мамандығы бойынша, 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған.

1981 жылдың наурыз-мамыр айларында Семиозер ауданының «Қаймақкөл» кеңшарында ветеринарлық санитар болып жұмыс істеді. 1981 жылдың мамыры мен 1983 жылдың маусымы Сухуми қаласында Совет Армиясы қатарында борышын өтеді. 1983 жылдың шілдесінен 1998 жылдың шілдесі аралығында «Қаймаққөл» кеңшарында ветеринар дәрігері, кәсіподақ комитетінің төрағасы, «Қаймақкөл» кеңшарының бас ветеринары қызметтерін атқарады. 1998 жылдың шілдесінен бастап 2004 жылдың наурызы аралығында Әулиекөл аудандық ауыл шаруашылық басқармасында жетекші маман, бас маман, бастықтың орынбасары, бастығы болып жұмыс істеді. 2004 жылдың наурызы мен 2008 жылдың қарашасы аралығында «Тимофеевка-Агро» ЖШС-інің атқарушы директоры болды. 2008 жылдың қарашасынан 2010 жылдың желтоқсаны аралығында Әулиекөл ауданының «Кетебаева Зауреш» шаруа қожалығын басқарды. 2010 жылдың желтоқсаны мен 2011 жылдың сәуірі аралығында «Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бастығының орынбасары, 2011 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында Ауыл шарушылылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылы Наурызым ауданының әкімі болып тағайындалды. 2013-2016 жылдары Әулиекөл ауданының әкімі; Арқалық қаласының әкімі (2016-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың шілдесінде кірісті.


54 жыл
 бұрын (1964) Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы ӨСКЕНБАЕВ дүниеге келген.

КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды Жоғары мектебін,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Индустрия және сауда, туризм және спорт министрліктерінде басшылық қызметтер атқарды.  2007-2011 жылдары ҚР Туризм және спорт вице-министрі, 2013-2014 жылдары Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары, 2014 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары; «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры (2016-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың қаңтарында кірісті.

«Астана», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай» медальдарымен марапатталған.

 

42 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы Азамат Халимеденұлы ӘМІРҒАЛИЕВ дүниеге келген.

Ол  Алматы қаласында туған.1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер - халықаралық құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, директор орынбасары, директор, комитет төрағасының орынбасары (1998 - 2006); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2006 - 2009); «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы (2009 - 2011); Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы заң бөлімінің меңгерушісі (2011 - 2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

525 жыл бұрын (1493-1541) дәрігер және алхимик, заманауи медицина ғылымының негізін салушылардың бірі ПАРАЦЕЛЬС (Филип Ауреол Теофраст Бомбаст фон Гогенгейм) дүниеге келді. 

386 жыл бұрын (1632) Нидерланд натуралисі, микроскоп жасаушы, ғылыми микроскопияның негізін салушы  Антони ван ЛЕВЕНГУК дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар