24 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 24 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

9.00-де Nazarbayev University Медицина орталығында Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша жаһандық конференция аясында «Біздің болашағымыз, біздің денсаулығымыз» тақырыбында жастардың дайындық семинары басталады.

10.00-де Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында «Қоғамдық медиация - қоғамдық сананы жаңғырту ресурсы» атты халықаралық конференция өтеді.

10:00-де «Зүбәржат орамы» бизнес орталығында «ҚазАтомпром» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовтың қатысуымен баспасөз брифингі басталады.

10.30-да
Халықаралық медиа және ақпараттық сауаттылық (МАС) апталығы шеңберінде Назарбаев Университетінде Орталық Азия елдеріне арналған семинар өтеді.

11.00-де
«ҚАЗАГРО» ҰБХ» АҚ-ның қолдауымен елордадағы «Көрме» көрме орталығында «KazAgro/KazFarm» халықаралық ауылшаруашылық көрмелерін өткізеді.

12.00-де
Астана қаласының Ботаникалық бағында «Сөзден іске/WalktheTalk/От слов к делу» атты акция өтеді.

12.00-де «Дәулет» спорт комбинатында «Конфедерация Кубогының» қазақ күресінен іріктеу жарысы өтеді.

14.00-де
Қазмедиа орталығында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтың қатысуымен «Азаматтық қоғам және мемлекет: серіктестік, диалог және жауапкершілік» планерлік сессиясы өтеді.

16.00-де
Министрліктер үйі, 1В кіреберісінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің біліктілік комиссиясының отырысы өткізіледі.

АЛМАТЫ

10.00-де
Кәсіпкерлер палатасында «Шетелдік инвесторларды құқықтық қорғау» саммиті басталады.

11.00-де ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтында «Сананы жаңғырту қазақстандық қоғамды дамытудың алғышарты» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де Достық үйінде «Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің Энциклопедиясы» ұжымдық энциклопедиясының таныстырылымы өтеді.

12.00-де Halyk Arena мұз кешенінде Денис Теннің әріптесі және досы Алексей Ягудин жас қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыларға шеберлік сыныбын өткізеді.

14.00-де
Қазақстанның Баспасөз клубында «2019-2023 жылдарға арналған ҚР сыртқы және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына туристік қауымдастықтың үндеуі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

ШЫМКЕНТ


11:30-да Silkway Халықаралық университетінде Жастар бизнес-клубы іске қосылады. Клуб идеясы кәсіпкерлікке оқытуды ұйымдастыру, шеберлік-сыныптары мен кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, семинарлар мен форумдар ұйымдастыруға негізделген.

Соңғы жаңалықтар