24 қарашада Астанада «Kaztraffic-2022» халықаралық көрмесі ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 24 қарашада «EXPO» халықаралық көрме орталығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми қолдауымен «Kaztraffic-2022» халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі күн болатын «Kaztraffic-2022» халықаралық көрмесі ғылыми-техникалық бағыт, IT-индустрия, авиация, аграрлық сектор, өнеркәсіп өндірісінің барлық түрлері, өндіруші кешен, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдерінің мақсаттары мен мүдделерін біріктіреді.

«Kaztraffic-2022» павильондарында жол-құрылыс техникасының, жаңа материалдардың, жабдықтар мен аспаптардың презентациясы өтеді. Ол жақын болашақта жол құрылысы мен көлік инфрақұрылымын орнату туралы әдеттегі түсінікті күрт өзгертеді. Қазақстан, АҚШ, Украина, Ресей, Беларусь, Германия, Франция кәсіпорындары жол құрылысы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау саласындағы өздерінің үздік әзірлемелерін ұсынады. Ыстамбұл қаласындағы Bosphorus EXPO көрмесінің серіктесі ұйымдастырған Түркия экспозициясы бөлек ұсынылады. Көрме аясында бос жұмыс орын жәрмеңкесі де өтеді. Бұл ең жақсы жұмыс ұсынысын табуға бірегей мүмкіндік.

«Кaztraffic-2022» маңызды іскерлік бағдарламасы дербес келіссөздер, сондай-ақ «Автожол саласын дамыту перспективалары» конференциясы форматындағы кездесулер мүмкіндігін қарастырады, онда әр адам ҚР ИИДМ АЖК, «Қазавтожол» ҰК АҚ, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК, ҚазжолҒЗИ АҚ қолданыстағы және жоспарланып отырған жобалары туралы толық ақпарат ала алады.

Осы және оларға бағынысты ведомстволық ұйымдардың ағымдағы қызметі мен қол жеткізілген жұмыс нәтижелері туралы «Кaztraffic-2022» пленарлық сессияларындағы сөйлеген сөздер мен презентация форматында толық ақпарат ұсынылады.

Іс-шараны тұрақты ұйымдастырушылардың бірі – «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ. Жарты ғасырдан астам тарихында өзінің ғылыми-техникалық қызметінде орасан зор тәжірибе мен нәтиже жинақтай отырып, институт бүгінде негізгі ұлттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысып жатыр.

Индустрия министрлігінің Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы автомобиль жолдарын салу, жөндеу және пайдалану сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Сапа орталығы кәсіпорынның барлық бизнес-процестерінің жоғары тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрландыру элементтерін белсенді енгізуде.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ автомобиль жолдарының ұлттық операторына келетін болсақ, оның миссиясы мен саясаты автомобиль жолдары желісін қауіпсіз және ыңғайлы пайдалану үшін үнемі жағдай жақсартуға бағытталған.

Айта кетейік, іс-шараға қатысу тегін. Тек ұйымдастырушының сайтында тіркеліп, шақыру билетін алу қажет. Барлық мүдделі журналистер мен блогерлер оқиғаны қандай да бір шектеусіз жазып алып, түсірілім жүргізіп, сұхбат ала алады және кез келген қолжетімді ресурстар мен алаңдарда ақпарат жариялай алады.


Соңғы жаңалықтар