+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

24 қараша. Туған күн иелері

2020 жылғы 24 қараша 08:08
Бөлісіңіз:
24 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 24 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

125 жыл бұрын (1895-1983) қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, жазушы, аудармашы Сапарғали Ысқақұлы БЕГАЛИН дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.

1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген.

1929-1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды.

Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түрксіб басқармасында жауапты жұмыстар атқарды. 1935-1960 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған.

Алғашқы өлеңі - «Қазақ бозбалаларына» деген атпен 1914 жылы «Айқап журналының» №9 санында басылды. Алғашқы кітабы «Қыран кегі» 1944 жылы жарыққа шықты. 1948 жылы басылған «Көксегеннің көргендері» повесі артынан орыс тіліне аударылған.

50-60 жылдары «Жас бұтақ», «Ермектің алмасы», «Бақыт», «Жеткіншектер», «Ананың күші», «Мектеп түлектері» әңгімелер жинақтары, өлеңдер мен поэмалар жинағы «Сырлы қайнар», «Цимлян теңізі», «Көтерілген тың» шыққан.

Жазушы Шоқан Уәлихановтың бейнесін жасауда көп жұмыс істеген, нәтижесі - «Шоқанның балалық шағы», «Шоқан асулары» повестері, «Замана белестері» романы жарық көрді.

Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап жинақ етіп шығарды, өнер саңлақтары жөнінде, жыр алыбы Жамбыл Жабаев туралы монография жазды.

Көптеген туындылары шетел тілдеріне аударылған. С. Бегалин А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Д. Мамин-Сибиряктың, Н. Лесковтың және тағы басқа жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.

Халықтар Достығы, 2 рет «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.


59 жыл бұрын (1961) Қазақ эстрада театрының бас директоры, «Бауыржан-шоу» театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанда «Сатира және әзіл» бірінші эстрадалық театрының негізін қалаушы Бауыржан Сабзалыұлы ИБРАГИМОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.

Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтын (инженер-құрылысшы), Жүргенев атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын (драма және кино актері) тәмамдаған.

Еңбек жолы: «Тамаша» телетеатрының актері әрі коммерциялық директоры (1988-1992), Алматы қаласындағы Теміржолшылар сарайының бас директоры (1992-1998), Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрының бас директоры (1998-2002), «Ақбура» өндірістік кооперативінің директоры (2002-2007), «Фуд-Стар» ӘКБ басқарма төрағасы (2007-2012); Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры (2012-2016), «BNB-Group» құрылыс компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы (2016 жылдан бастап).

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, халықаралық эстрада әртістері байқауының лауреаты.


50 жыл бұрын (1970) Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Оңғарбайұлы ИБАҒАРОВ дүниеге келді.

Ташауыз облысында (Түрікменстан) туған.

1992 жылы Жаңаөзен мұнай мен газ колледжін мұнай мен газ ұңғымаларын эксплуатациялау механигі мамандығы бойынша, 1999 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін мұнай мен газ кенорындарын игеру инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігінде скважиналарды жерасты жөндеу операторы қызметінен бастап, осы салада бірқатар жылдар қызмет етті.

2000 жылдан бастап «Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты тәжірибелі-эксперименталдық өндірістік басқарманың бас инженері.

2001 жылдан – №2 мұнай-газ өндіру басқармасы бастығының орынбасары, бұрғылау, скважиналарды жөндеу бөлімінің жетекші инженері.

2002-2008 жылдары - №1, №3 мұнай-газ өндіру басқармасының бас инженері, №2, №4 мұнай-газ өндіру басқармаларының бастығы қызметтерін атқарып келді.

2008 жылы «Өзенмұнайгаз» ӨФ персоналды басқару және дамыту бөлімінің бастығы.

2009-2010 жылдары «Өзенмұнайгаз» ӨФ жұмысшыларының кәсіподағы» ҚБ төрағасы болып сайланып, қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысты.

2010-2013 жылдары №2 мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы.

2013 жылдан «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры болып қызмет етіп келеді.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйегінен бастап.


50 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-майор Дәулет Рысқұлбекұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Рязан жоғары әскери командалық байланыс училищесін (1992), ҚР ҚК Әскери академиясын бітірген (2000).

Рязань ЖӘКБУ тыңдаушысы (1988-1992), Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы байланыс ротасы байланыс взводының командирі, десанттық-шабуыл батальоны взвод командирі - байланыс бастыгы, штабтық рота командирі, батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, жеке десанттық-шабуыл батальонының командирі (1992-1998), ҚР ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы, Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бойынша бастығынын (тыл ұйымдастыру-жоспарлау жұмысы бойынша) орынбасары, бригада командирінің тыл бойынша орынбасары - жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бастығы, Жеке десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары - штаб бастығы, бригада командирі (1998-2008), ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, қолбасшының әскери дайындық жөніндегі орынбасары - қолбасшы басқармасының жауынгерлік дайындық Басқармасының бастығы (2008-2010), 2010 жылы сәуірінеи ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, ҚР Қарушы Күштерінің Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы.

2015 жылдан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.

2-дәрежелі «Айбын» орденімен (2010), медальдармен марапатталған.

48 жыл бұрын (1972) Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Мейір Ғариполлаұлы ЕСКЕНДІРОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған.

Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын, тарих және қоғамтану мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша әдіскер (1995), Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің (2003) экономикалық факультетін бітірген.

Еңбек жолы: «Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті» мекемесінің оқытушысы (1995-1997); «Семей» мемлекеттік университеті (бұдан әрі - Семей мемлекеттік университеті) ректорының көмекшісі. (1997-2001); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Маркетинг және бөлімшелердің жалпы мониторингі қызметінің басшысы (2001-2004); Семей мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры (2004 жылдан); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры (07.2008-08.2008); Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (2008-2012); Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры (02.2012-11.2012); Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің бас директоры, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі (2012-2013); «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары (2013-2014); «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы» ММ атқарушы директоры (2014-2015); «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы ЖШС Бас директоры (02.2015-08.2015).

Қазіргі қызметінде – 2016 жылдың наурызынан.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерекелік медальдарымен; «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2006), «Ы. Алтынсарин» (2008), Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі «Мінсіз жұмысы үшін» (2015); Ұлттық Олимпиада комитетінің Құрмет белгісімен (2008) марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT