+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

24 қаңтарда Қазақстанда болатын маңызды шаралар

2020 жылғы 23 қаңтар 22:06
Бөлісіңіз:
24 қаңтарда Қазақстанда болатын маңызды шаралар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 24 қаңтар күні Қазақстанда болатын шаралар тізімін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Дзюдо: Дюссельдорфтағы «Grand Slam» турниріне қатысатын ел құрамасы белгілі болды Ұлттық кеңес құрылған алты айдың ішінде қандай жұмыстар атқарылды - сарапшы Алматыда қар тазалау бойынша тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.00-де «Үкімет үйінде» Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.

15.00-де «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Питер Гриффитстің қатысуымен «Бек Эйр» әуе компаниясының қызметін тексеру барысында анықталған заңбұзушылықтар туралы брифинг өтеді.

16.00-де Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

17:00-де Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы 2020 жылдың Сольналь күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесін атап өтеді.

19:00-де SPACES. NUR-SULTAN фестивалі аясында TSE ART Destination галереясында көпшілікке арналған Арт-кітапхананың ашылуы болады.

АЛМАТЫ

10:00-де Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда ҚХР және басқа да елдерде болған эпидемиялық жағдайға байланысты қызметтердің жедел әрекетке дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі департаменті ҚХР-дан ұшақпен келген науқас рөліндегі адамға көмек көрсету бойынша оқу-жаттығуларын өткізеді.

10.00-де Достық үйінде жетекші қазақстандық кинорежиссерлер мен кино бірлестіктерінің жетекшілерінің кездесуі өтеді, онда осы саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

10.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында «Салықтар қарапайым тілмен түсіндіргенде» IV жыл сайынғы тур аясында семинар өтеді. Семинарды Республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығының директоры және АТФ банкінің тең құрылтайшысы Дмитрий Казанцев жүргізеді.

15.30-да Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жыл сайынғы дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы «Россотрудничество» өкілдігінен кітаптарды сыйға тарту рәсімі өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT