24 қаңтарда ел аумақтарында жел күшейіп, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қақтарда ел аумақтарының басым бөлігінде, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар