24 қаңтарда Астана-1 вокзалының пойыздар қозғалысы «Нұрлы жолға» ауыстырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қаңтар күні Астана-1 темір жол вокзалына келіп тоқтайтын және аттанатын пойыздар қозғалысы уақытша «Астана Нұрлы жол» вокзалына ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 00.00 бастап 18.00-ге дейін Астана-1 станциясында құрылыс және жоспарлы күрделі жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты Астана-1 стансасы бойынша жолаушылар пойыздарының қозғалысы «Нұрлы жол» стансасына уақытша ауыстырылады. Астана желісі бойынша 36 жолаушылар және қаламаңы пойыздарының қатынау тәртібіне және 1 ден 2 сағатқа дейінгі кестеге өзгерістер енгізіледі» делінген хабарламада.

Пойыз

Бағыты

Пойыз

Бағыты

76

Петропавл - Қызылорда

83

Қарағанды - Мәскеу

363/364

Қарағанды - Томск-2

307

Жезқазған - Астана-1

328

Қостанай - Қарағанды

308

Астана-1 - Жезқазған

312

Астана-1 - Семей

95

Астана НЖ - Орал

7507

Астана НЖ - Көкшетау

9

Алматы-1 - Астана НЖ

604

Арқалық - Астана НЖ

6857

Қарағанды - Астана-1

55

Қызылорда - Көкшетау

6858

Астана-1 - Қарағанды

153

Семей - Астана НЖ

146

Омск - Қарағанды

86

Астана-1 - Сарыағаш

58

Орал - Астана НЖ

3

Алматы-2 - Астана НЖ

154

Астана НЖ - Семей

711

Шымкент - Астана НЖ

7501

Павлодар - Астана-1

6829

Ерейментау - Көкшетау

7502

Астана-1 - Павлодар

705

Алматы-2 - Петропавл

39

Астана НЖ -Челябі

673

Павлодар - Астана НЖ

38

Маңғыстау - Астана НЖ

6803

Астана - Атбасар

327

Қарағанды - Қостанай

16

Петропавл - Алматы-2

4

Астана НЖ - Алматы-2

44

Қостанай - Алматы-1

43

Алматы-1 - Қостанай

40

Челябі - Астана НЖ

316

Қазан - Ташкент

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар мен қарсы алушыларға бағыттардағы аталған өзгерістерді назарға алып, пойыздардың келуі мен жөнелтілуі барысына мұқият болуды ескертеді.

Нақты ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарындағы анықтама қызметіне немесе 105 нөмірі бойынша бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар