+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

24 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 24 ақпан 07:00
Бөлісіңіз:
24 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 24 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1917 жылы Торғай даласында атақты Доғал шайқасы болды. Бұл - Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысындағы ең ірі шайқас саналады. Шайқаста Амангелдімен қатар, оның жауынгер серіктері Ыбырай Атамбеков, Кейкі Көкімов ерекше ерлік көрсетті.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрына Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Ғабит Мүсіреповтің есімін беру туралы шешім қабылдады.

1992 жылы «Қазақкино» мемлекеттік концерні құрылды. Ораз Рымжанов концерннің басқарма төрағасы болып сайланды.

2011 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығының қорытындысына арналған баяндама жарияланды. Онда америкалық ғалымдардың пікірі жазылды.

2012 жылы Астанада Қазақстанның қысқы арнайы олимпиадасы (Special Olympics) басталды. Оған ҚР, Австрия, Ресей және Өзбекстанның 320 мүмкіндігі шектеулі спортшысы қатысты. Ашылу салтанаты «Алау» мұз айдыны сарайында өтті.

2014 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы жариялаған Туризм жылы аясында достастық елдерінің ең көрікті жерлерінің тізімі жарық көрді.

«Достастық інжулері» тізіміне Астанадағы Дөңгелек алаң (Қазақстан), Бакудегі теңіз жағалауы желегі (Әзірбайжан), Хор Вирап монастрі (Армения), Брест қорғаны (Беларусь), Ыстықкөл көлі (Қырғызстан), Ескі Орхей қорығы (Молдова), Петергоф сарай-саябақ ансамблі мен Сочи қаласы (Ресей), Фан таулары (Тәжікстан), Ашхабад (Түркіменстан) және Самарқандағы Гур-Әмір (Өзбекстан) кірген.

2016 жылы BBC-2 телеарнасының Top Gear Мэтт танымал бағдарламасының жаңа жүргізушілері Леблан мен Крис Эванс Қазақстанды автоәуесқойлар үшін бағдарлама эпизоды түсіретін орындар тізіміне қосты.

2017 жылы Әлемдегі ең инновациялық қалалар («Innovation Cities») тізімінде Алматы «Emergina Markets» (дамушы нарықтар) аталымы бойынша рейтингте 15-орыннан көрінді.

2019 жылы Алматылық бағдарламашы Елнұр Сейітжанов еңбек нарығына жас мамандарды даярлайтын «Decode» алғашқы IT-мектебін ашты.

«Decode» бағдарламалау курстарының негізгі бағыты - React, Redux, NodeJS, Python және базалық қажетті HTML, CSS секілді жаңа және сұранысқа ие технологиялар мен тілдерде Web-әзірлеушілерді даярлау.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT