+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

24-25 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады

2021 жылғы 22 қазан 15:16
Бөлісіңіз:
24-25 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша 24-25 қазанда Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Ұлттық қордан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды Мемлекет басшысы Швейцарияда өткен Инвестициялық дөңгелек үстел отырысына қатысты Қазақстан Президенті ДДСҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысты

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында мәлім етті.

«Сапар барысында екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздерде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективалары қарастырылмақ» деп жазады Берік Уәли.

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікірлер ортаға салынады.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT