230 келіге жуық қызыл уылдырықты тасымалдамақ болған жолсерік ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Новосібір - Алматы» пойызының жолсерігі 230 келі қызыл уылдырықты шекарадан заңсыз өткізбек болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан шекарашылары қызыл уылдырық контрабандасының жолын кесті. «Ауыл» теміржол шекаралық бақылау бөлімшесінің шекарашылары аталған пойыз купесінен заңсыз салынған қызыл уылдырықты тапты.

Зауыттың қаптамасымен оралған екі сөмкедегі қызыл уылдырықтың салмағы 30 келі болса, ал пластмассадан жасалған сегіз контейнердегі қызыл уылдырықтың салмағы 200 келіге жетіп жығылды.

Қазір вагонның жолсерігі ұсталып, аталған дерекке қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар