23 жастағы жігітті өлтірген қостанайлық полицейге үкім шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 23 жастағы жігітті көлігімен қағып өлтірген экс-полицейге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Іс деректеріне сүйенсек, қайғылы оқиға былтыр 1 қазан күні болған. Қаладағы Курганская көшесінің бойында 32 жастағы «Киа Рио» маркалы автокөлігінің жүргізушісі 23 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын қағып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. «Киа Рио» автокөлігінің жүргізушісі Руслан Тәутенов Қостанай қаласы ІІБ жұмыс істеген.

Бүгін Қостанай қалалық №2 сотында Руслан Тәутеновке қатысты үкім шықты. Сот оны айыпты деп танып, 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазасын өтейді.

Соңғы жаңалықтар