23 жастағы қостанайлық дүкенге бомба «қойғанын» хабарлады

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайлық тәртіп сақшылары жалған хабар таратқан 23 жастағы жігітті тергеуге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 16.47-де «102» нөміріне ер адам хабарласып, Алтынсарин көшесіндегі «Азия» сауда дүкеніне жарылғыш зат қойылғанын айтқан. «Алайда ол сәлден соң телефон арқылы кешірім сұрап, жарылғыш зат туралы хабар бермегенін жеткізді. Осы хабарламаны тексеру үшін оқиға орнына арнайы қызметтер жұмылдырылды. Дүкеннен күдікті ештеңе табылған жоқ»,- деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Осы дерек бойынша полицейлер Қостанай қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар