23 жастағы атыраулық он алтыншы қабаттан секіруге оқталған

None
Видеодан алынған кадр
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 23 жастағы жігіт тұрғын үйдің 16-қабатынан секіруге оқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін, 6 мамыр күні сағат түнгі 3:06 шамасында 102 арнасына хабар түскен.

«Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағынауданында орналасқан тұрғын үйдің 16-қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарланды. Оқиға орнына Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі Данабек Сақуов, қызмет инспекторлары, полиция аға лейтенанты Айдос Құбиев пен полиция лейтенанты Серік Жолдығалиұлы жедел жетті. Полицейлер жоғарғы қабатқа көтерілгенде, ер адам өзіне жақындамауын ескертіп, айғайлай бастаған. Жағдайды бағдарлаған полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысқан. Олар ыңғайлы сәтте шапшаң қимылдап ер адамның арқасынан ұстап, балконға тартып кіргізген», - деп хабарлады Департаменттің баспасөз қызметінен.

Полицейлер құтқарылған ер адамды қауіпсіз жерге шығарды. Кейін оның жасы 23-те екені анықталды. Мұндай тосын әрекетке бару себебі тексеріліп жатыр. Онымен психологтар да жұмыс жүргізуде.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 23 жастағы бойжеткен көпірден секіріп кеткенін хабарлаған едік.

Атырау қаласындағы «Тұрғындар қалашығы» шағынауданындағы жаяу жүргіншілер көпірінен 23 жастағы бойжеткен Жайық өзеніне секіріп кеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, өзенге секірген бойжеткенді құтқарып қалды. 2000 жылы туған қыз Т.А.-ға «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің​ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді.


Соңғы жаңалықтар