23 жастағы алматылық коронавирус жұқтырған науқастарға музыкалық терапия ұйымдастырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 23 жастағы Бақытбек Әмірхан Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында 3 айдан бері жұмыс істейді. Ауруханада оған «Димаш» деген лақап ат қойған. Жас санитар науқастарға жиі-жиі ән салып береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытбек Әмірхан карантинге дейін мейрамханаларда ән айтып, актерлік шеберлік бойынша сабақ берген. Елдегі карантин режіміне байланысты ол жұмыссыз қалды. Содан кейін, коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдейтін ауруханаға волонтер ретінде жұмысқа орналасты.

« Ауруханаға волонтер ретінде жұмыс істеу туралы шешім қабылдадым. Ата-анам бұл туралы бір айдан кейін білді, себебі , отбасымның мен үшін алаңдағанын қаламадым. Госпитальда жұмыс істеп жүріп мен көптеген медициналық дағдыларды үйреніп қана қоймай, өмірді, туыстарымды қадірлеуді әрі бағалауды үйрендім», - дейді Алматы тұрғыны.

Жұмыс барысында жас санитар науқастарды өз өнерімен тәнті етті.

«Мен көптеген науқастармен бірден тіл табысып кеттім. Палаталарына келгенімде қатты қуанады. Оларға екі тілде өлең оқып берем. Менің әндерім оларды шабыттандырады және рухтарын көтереді», - деп бөлісті Әмірхан.

Карантин аяқталғаннан кейін жас жігіт шығармашылығын шыңдауды жоспарлап отыр.

«Мен шетелдік ән байқауларына қатысуды армандаймын. Сондай-ақ, дарынды балаларды оқытатын мектеп ашқым келеді»- деп сөзін аяқтады Бақытбек Әмірхан.




Соңғы жаңалықтар