Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

23 шілде: Туған күн иелері

2019 жылғы 23 шілде 08:08 176
Бөлісіңіз:
23 шілде: Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 23 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


47 жыл бұрын (1972) «Қазақстанның мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Мұстафаұлы Матаев дүниеге келген.

Қызылордада туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1994); Қызылорда мемлекеттік университетін (1999); Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2002); Йель университетінің менеджмент мектебін (АҚШ) (2006) бітірген.

Еңбек жолы: Қызылорда қаласы бойынша салық инспекциясының маманы (1994-1996); Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, басшы орынбасары, бөлім басшысы, басқарма басшысы, төраға орынбасары (1996-2001); Қызылорда облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі басқарма басшысы (2005-2006); Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры (2006); Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі (2006-2007); Қызылорда облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (2007); Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры (2007-2008); Қызыорда облысындағы «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ өкілдігі директорының орынбасары (2008-2010); Қызылорда облысы бойынша «Оңтүстік» қаржылық компания» АҚ филиалының директоры (2010-2012); Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономиалық комссияда жұмыс істегенде МЖӘ саласындағы мемлекетаралық өзара әрекет мәселелерімен айналысқан (2012-2017); «ҚМЖӘО» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2017-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы мамыр айында кірісті.


40 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Анар Тоқмұханбетқызы МҰҚАШЕВА дүниеге келген.

Павлодар облысында туған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген (1999).

Еңбек жолын 1999 жылы Павлодар қаласында № 43 орта мектепте неміс тілі мұғалімі болып бастады; Павлодар университетінің гуманитарлық факультетінде неміс тілі мұғалімі (2000-2001); С. Торайғыров атындағы ПМУ-да неміс тілінің оқытушы, аға оқытушысы (2001-2007); Павлодар облысының білім беру басқармасының жетекші, бас маманы (2007-2009); «Павлодар облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (2009-2012); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің бас сарапшысы (2012-2014); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің басқарма басшысы (2014-2018); Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитетінің басқарма басшысы (2018-2019); Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық модернизациялау департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2019).

Қазіргі лауазымына 2019 жылғы сәуірде тағайындалған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT