23 шілде: Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 23 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

23 шілде, ДҮЙСЕНБІ

ЕСІМДЕР

null 134 жыл бұрын (1884-1937) жазушы, драматург ЖОМАРТБАЕВ Тайыр дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Көкбай медресесі мен  Уфадағы «Ғалия» медресесін бітірген. 1911-1915 жылдары Семей қаласы маңындағы Жақия қажы мектебінде ер балаларға, әйелі А.Орманова қыз балаларға сабақ берген. 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспаханасынан жастарды адамгершілікке, ізгілікке, оқу-білімге үндейтін «Балаларға жеміс» атты өлеңдер жинағы, төңкеріске дейінгі қазақ қыздарының әлеуметтік жағдайын көтерген «Қыз көрелік» романы басылып шықты. 1915-1928 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болысында мұғалім болды. 1928-1930 жылдары Семейдегі №14 мектептің директоры қызметін атқарды. 1930-1937 жылдары Семей педагогикалық техникумының оқытушысы болды.

Т.Жомартбаев оқытушылықпен қоса журналистикамен де  айналысып, «Айқап», «Жаңа мектеп» журналдары мен «Қазақ», Алаш» газеттерінде мақала, фельетондар жазып тұрды. Оның «Сары сүйек құда», «Осы ма, қазақ өмірің?» атты пьесалары Зайсан, Семей театрларында қойылған. Кузнецк қаласындағы №23 мектепте  жұмыс істеп жүрген кезінде жалған саяси жаламен тұтқындалып, Семейде үштіктің шешімімен  ату жазасына  кесілген. 1956 жылы ақталды.

null 71 жыл бұрын (1947) ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты КЕНЖИН Төлеш Әукебайұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. 1970-1975 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтының толық курсын тыңдады (сырттай оқу бөлімі).Еңбек жолын 1961 жылы бастады. 1961-1965 жылдары - ҚКҒЗИ лаборанты. 1965-1968 жылдары - Кеңес Армиясы қатарында қызмет өткерген. 1968-1971 жылдары - № 35 шахта, МШМБ хронометраждаушы, жерасты электр слесарларының бригадирі. 1971-1973 жылдары - «Северная» шахтасының жерасты электр слесары, комсомол ұйымының хатшысы. 1973-1977 жылдары - «Шахтинск» шахтасы директорының көмекшісі, шахта партия комитетінің хатшысы, ауысым басшысы, техникалық кешен шебері. 1977-1979 жылдары - «Целиноградэлеватормельстрой» Қарағанды ЖМК жабдықтау бөлімінің бастығы. 1979-1981 жылдары - «Сарань» шахтасы директорының орынбасары. 1981 -1989 жылдары - ликер-арақ зауытының дайын өнім экспедиторы. 1989-1993 жылдары - коммерциялық құрымдарда жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап ҚКХП ОК хатшысы. 2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР ҚКХП партиялық тізімі бойынша сайланған.

 

null 66 жыл бұрын (1952) Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті, Ұлттық продюсерлік орталығының атқарушы директоры ЖҰБАНДЫҚОВ Серік Сағидоллаұлы идүниеге келді.

Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған. Ленинград кинорежиссерлер институтының дыбыс техникасы факультетін бітірген (1974), дыбыс режиссері. 1974 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының дыбыс цехының инженері. 1975 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1976 жылдан - ҚазКСР Мемкино кино-өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері, бөлім бастығы. 1980 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының өндіріс жөніндегі директорының орынбасары. 1982 жылдан - ҚазКСР киноөндірісі бөлімінің бастығы. 1988 жылдан - «Қазкинодеталь» ӨБ бас инженері. 1992жылдан-«Қазақкино» концерні төрағасының орынбасары. 1995жылдан - «Қазақкинопрокат» ӨБ бас директоры. 1998 жылдан -«Еуразия» I Халықаралық кинофөстивалі бас директорының орынбасары. 2002 жылдан - «Көшпенділер» киножобасының директоры, қосымша қызметте атқарушы продюсері. 2005 жылдан - «Еуразия» II Халықаралық кинофестивалі бас директорының орынбасары. 2005 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қаржы директоры. 2008 жылдан бері - Ұлттық продюсерлік орталықтың атқарушы директоры. «Тот, кто нежнее», «Казнь после смерти», «Омпа», «Көшпелілер» кинофильмдерінің продюсері. «Кардиограмма», «Шұға» кинофильмдеріне түскен. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2002). КСРО кинематографиясының үздігі (1980).

null 50 жыл бұрын (1968) Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімі ШЕРИЯЗДАНОВ Асқар Тұрарұлы дүниеге келді.  

Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ақтөбе педагогикалық институтын және Алматы экономика және статистика институтын бітірген. Мамандығы бойынша - орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі және бухгалтер-экономист.

Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе қаласындағы №7 кәсіптік техникалық училищенің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып бастады. 1993-1995 жылдары облыстық тілдер басқармасының бас маманы, 1995-1997 жылдары Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының аға референті, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасының бөлім бастығы, 1997-2002 жылдары облыстық шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау басқармасының бөлім бастығы, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, 2003-2006 жылдары Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, директоры, 2006-2008 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі, 2008-2011 жылдары «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ департаментінің бөлім бастығы, департамент директоры, Астана қаласындағы өкілі, Астана қаласындағы «Алтын Қыран» компаниялар Тобы бас директорының орынбасары, 2011-2013 жылдары Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 2013-2015 жылдары - Алға ауданының әкімі. 2015-2017 жылдары - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2017 жылғы сәуірден бері.

 

null 37 жыл бұрын (1981) онсайысшы, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері КАРПОВ Дмитрий Васильевич дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Бапкері - В.Б.Карпов. 2001-2007 жылдардағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. Азия ойындарының (2002, Пусан, Оңтүстік Корея) және 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері (2003, Париж, Франция, 2007, Осако, Жапония). Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2004, Афины, Грекия). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.





null 119 жыл бұрын (1899-1976) неміс саясаткері, 1969-1974 жылдардағы Германия федералдық президенті Густав Вальтер ХАЙНЕМАН дүниеге келді.












null 92 жыл бұрын (1925) Ботсвананың 1980-1998 жылдардағы президенті Квет Кетумиле Джонни МАСИРЕ дүниеге келді.












null 29 жыл 
бұрын (1989) британдық театр және кино актері, Гарри Поттер жөніндегі фильмдер арқылы әлемге танылған Дэниел Джейкоб РЭДКЛИФФ дүниеге келді.










Соңғы жаңалықтар