+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

23 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 23 шілде 07:00
Бөлісіңіз:
23 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 23 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Киттер мен дельфиндердің бүкіләлемдік күні

Бұл мереке 200 жылға жалғасқан аяусыздықпен қырып-жоюдан кейін,1986 жылы киттерді аулауға тыйым салғаннан бастап Киттер қасапқанасы халықаралық комиссиясы (International Whaling Commission: IWC) бекітілді. Тыйым бүгінгі күнге дейін өз күшінде және барлық әлемде киттерді аулауға, сондай-ақ олардың саудасына рұқсат етілмейтіндігін білдіреді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстан Республикасы Грузия Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Колумбия Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

1999 жылы Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы қабылданды.

2004 жылы Қазақстанда мұнай сапасы банкі құрылды. Компанияның көмірсутекті шикізат базасы мұнайды тасымалдау, сақтаудың түрлі кезеңдерінде оны теңестіруге жол ашады.

2010 жылы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-не қуатты Екібастұз отын-энергетика кешенін салуға сүбелі үлес қосқан Қазақстан және ТМД-ның энергетика ардагері Болат Нұржановтың есімі берілді.

2010 жылы Франция Сенатының Қаржы жөніндегі комиссиясының Астана және Алматы қалаларына сапары барысында комиссия төрағасы Жан Артюи Қызылағаш ауылындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қаржылай гуманитарлық көмек берілетінін жеткізді.

Франция елшілігі «Жансүгіров қорына» 30 мың еуро (5,7 млн теңге) мөлшерінде қаражат аударғанын мәлім етті. Қаржылай көмек Қызылағаш ауылындағы 560 үйді сұйылтылған газбен қамтамасыз ету және газ плиталарын сатып алуға жұмсалды.

2011 жылы Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық кітаптар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Ол Қазақстан аумағында электрондық кітаптарды пайдалануға және басып шығару үшін құқықтық негіздер жасауға бағытталды.

2013 жылы Парижде Euronews тәуліктік ақпараттық арнасы мен «Хабар» агенттігі» АҚ «Хабар» агенттігінің Euronews Network бірлестігіне қосылуы туралы келісімге қол қойды.Осы арқылы «Хабар» агенттігі Euronews жаңалық контентін пайдалану және қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени және спорт тақырыптарында Euronews қызметкерлері әзірлеген жоғары сапалы материалдарды алу мүмкіндігіне ие болды.

2018 жылы қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров G-2 «Korea Open 2018» атты ашық халықаралық турнирдің қола жүлдегері болды, ол медалін Денис Тенге арнады.

Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өткен турнирде 87 кг салмақ санатында өнер көрсеткен Руслан Жапаров жергілікті екі спортшыны жеңді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT