23 шілде ел аумағында жаңбыр жауып, жел күшейеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» болжамына сенсек, ертең 23 шілдеде республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында жаңбыр, батыста нөсер жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Батыста және оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл күшейеді, республиканың батысы мен шығысында бұршақ жауады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар