23 наурыз. Туған күн иелері

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 23 наурызда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

98 жыл бұрын (1925-1983) қазақтан шыққан химик-металлург, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Жазушылар одағының мүшесі Евней Арыстанұлы БӨКЕТОВдүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка ауданында (қазіргі Шал ақын ауданы) туған. Қазақ металлургиялық институтын (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.

Е.Бөкетов химия саласына жаңа леп қосқан - халькогендер мен халькогенидтер технологиясының негізін қалаған. Мыс құрамынан теллур мен селен сияқты зиянды қалдықтарды тазартудың гидрохимиялық жолын тапқан. Ғылым мен мәдениет саласындағы 50-ден астам еңбектің авторы. Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болып, осы оқу орнына дарынды ғалымдарды топтастыруға көп еңбек сіңірді. Классикалық әдеби шығармаларды да тәржімалаумен айналысқан. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. 1992 жылы академик Е.Бөкетов есімі Қарағанды мемлекеттік университетіне берілді.

96 жыл бұрын (1927-2021) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымының докторы, КСРО педагогика ғылымдары академиясының кореспондент-мүшесі, көрнекті ғалым, әдебиет сыншысы Серік ҚИРАБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында туған. 1951 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін, аспирантурада оқи жүріп, қазақ көркем әдебиет баспасының аға редакторы, «Әдебиет және өнер» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі болып істеген. 1952 жылдан 1955 жылға дейін С.Қирабаев - «Пионер» журналының редакторы, одан кейін «Социалистік Қазақстан» газеті редакциясының әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болған. 1957 жылы кандидаттық диссертация, ал 1964 жылы филология ғылымының докторы ғылыми атағына диссертация қорғаған. Кейін Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі болып, Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік университетінде көп жылдар бойы дәріс оқып, қазақ әдебиеті кафедрасын басқарған. 1988-1995 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры болып қызмет атқарған. С.Қирабаевтың шығармашылық қызметі студенттік жылдарынан басталған. 1948 жылдан бастап баспасөзде оның сын мақалалары жиі басылды. 1956 жылы «Ғабиден Мұстафин» атты монографиясы жарық көрді, екі жылдан кейін бұл кітап орыс тілінде шықты. Содан кейін «Спандияр Көбеев» (1958), «Өнер өрісі» (1968), «Сәкен Сейфуллин» (1973), «Әдебиет және дәуір талабы» (1976), «Революция және әдебиет» (екі томдық, 1977), «Шындық және шығарма» (1981), «Шындық және шеберлік» (1983), «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері», «Жүсіпбек Аймауытов» (1990) және тағы басқа көптеген зерттеулер мен монографиялардың, әдеби процестің әртүрлі жақтарын әралуан қырынан сөз ететін көптеген мақалалардың, әсіресе, бірталай мектеп окулықтарының авторы ретінде қалың оқырман қауымға, әдеби-мәдени қоғамдық жұртшылыққа кеңінен танылды. Ол - қазақ әдебиеттану ғылымы саласындағы жетекші ғалымның бірі. С.Қирабаев «Еңбек Қызыл ту», «Халықтар достығы» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», т.б. медальдармен марапатталған.1996 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

57 жыл бұрын (1966) қазақстандық ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Еділ Терекбайұлы ЖАҢБЫРШИН дүниеге келді.

Гурьев (қазіргі Атырау) облысында туған. 1990 жылы Алматы энергетикалық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1990- 1992 жылдары – Алматы энергетика институтында ассистент. 1992 - 1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім министрілігінің жетекші маманы. 1993 - 1995 жылдары – Ақтау политехникалық институтында аға оқытушы, доцент, ғылыми хатшы. 1995-1999 жылдары – Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінің мұнай-химия факультетінің деканы. 1999-2000 жылдыры – Орталық-Азия университеті Ақтау филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2000-2007 жылдары – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Ақтау филиалының директоры. 2007-2010 жылдары – «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2012-2015 жылдары – Ақтау қаласының әкімі. 2015-2021 жылдары – «Азия Техно Сервис» ЖШС директорының орынбасары. 2021-2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

37 жыл бұрын (1986) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Сәкенұлы ҚИҚЫМОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы облысында туған. 2005 жылы Банк ісі академиясының колледжін «Банк ісі маманы» мамандығы бойынша, 2009 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша, 2011 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Қазпошта» АҚ Алматы поштамт практиканты (06.2004-08.2004); «Халық банк» АҚ Талдықорған өңірлік филиалының несие жөніндегі менеджері (2004-2005); «Альянс банк» АҚ филиалының маманы (2005-2008); Алматыдағы «Альянс Банк» АҚ филиалының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің маманы (2005-2006); «Алматыдағы «Альянс Банк» АҚ филиалының бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының жетекші маманы (03.2006-05.2006); «Алатау» филиалының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы, «Альянс Банк» АҚ филиалының бухгалтерлік есеп және есептілікбөлімінің бас маманы (05.2006-12.2006); «Альянс Банк» АҚ Алатау филиалының бас бухгалтерінің орынбасары (2006-2007); «Альянс Банк» АҚ Алатау филиалының бас бухгалтерінің м.а.(2007-2008); «Альянс Банк» АҚ ГБ Ішкі аудит қызметінің қызметкері (05.2008-09.2008); «Астана - финанс» Банкі» АҚ Алматы филиалының бэк-офисінің басқарушысы (2008); «Кредит Алтын Банк» АҚ Басқармасының мүшесі-бас бухгалтері; Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары (2015-2017); Алматы қаласын Индустриялық -инновациялық және кәсіпкерлік дамыту басқармасының басшысы (2017-2018); Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы (2018-2019 Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі (2019-2020). Алматы қаласы әкімінің орынбасары (2020-2022).

Қазіргі қызметін 2022 жылдың ақпанынан бастап атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар