23 наурыз күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 наурыз күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстігінде күндіз қатты жаңбыр, найзағай болады. Ал оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыс пен шығыста сенбі жауын-шашынсыз өтетіні болжанады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік пен шығыста желдің күшейюі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с артатыны болжанады.

Жамбыл, түнде Шығыс Қазақстан облыстарның кей жерлеріне тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарынның жекелеген аумақтарын тұман басуы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

Соңғы жаңалықтар