23 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқырманға 2023 жылғы 23 наурызға арналған атаулы күндер, есте қалар оқиғалар күнтізбесі ұсынылады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік метеорология күні

1950 жылғы наурыздың 23-де БҰҰ-ның арнайы мекемесі Бүкілдүниежүзілік метеорология ұйымының конвенциясы күшіне енді. 1961 жылдан бастап атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы туралы ноталар алмасуы болды. Венгрия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды.

2010 жылы Мәскеу қаласындағы №229 орта мектепке Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының аты берілді.

2016 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» халықаралық үйлестіру кеңесінің бағдарламасы Бүкіләлемдік биосфералық қорықтар желісіне 20 жаңа нысан енгізді. Олардың арасында «Барсакелмес» қорығы да бар.

2016 жылы Перудің Лима қаласында өткен Бүкіләлемдік биосфералық қорықтар конгресінде Ресей мен Қазақстанның трансшекаралық биосфералық резерватының «Үлкен Алтай» атты жобасы таныстырылды.

2017 жылы Бейжіңдегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Журналист-достар күнінде «ҚазАқпарат» ХАА мен ШЫҰ Хатшылығы арасында ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалды. «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі Садық Әкіжанов Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) баспасөз клубының вице-президенті болып сайланды.

2019 жылыМемлекет басшысының 23 наурыздағы № 6 Жарлығымен Қазақстан астанасы Астана қаласы Нұр-Cұлтан қаласы болып өзгертілді.

2021 жылы қазақстандық ғалымдар хирургиялық операцияларда қан кетуді тоқтату үшін қолданылатын аминокапрон қышқылы негізіндегі алғашқы сәулеге қарсы препарат шығарды. Ғалымдар бұл химиялық қосылыстың радиациялық әсерге ұшырамайтынын анықтады.

Қазақстандық ғалымдар дәріге патент алып үлгерді. Оны атом электр станциясының жұмысшылары немесе радиацияға ұшыраған адамдар профилактика ретінде пайдалана алады.

2022 жылы Орал халықаралық әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді. Мәншүк Мәметова – Орал облысының тумасы (қазіргі БҚО), Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Ол Қызыл Армияда пулеметші болып, 1943 жылдың күзінде қаза тапты. Соңғы шайқасында 70-тен астам қарсыласын жойған. Оған қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

2022 жылы Түркияда көрнекті балуан, қазақ чемпионы және Алматы облысынан шыққан еңбек қаһарманы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі мен спорттық мансабы туралы егжей-тегжейлі баяндалған кітап жарық көрді. Түрік журналисті және аудармашысы Уфук Тузман «ұлы спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірбаяны бүкіл түркі әлеміне үлгі, сондықтан түрік жастары бұл туралы білуі керек» деп атап өтті. «Біз үшін кітапта Жақсылық Үшкемпіровтің өміріндегі сол сәттерді суреттеу үлкен бақыт, онда жас әрі талантты спортшы қазақ халқының ар-намысы мен қадір-қасиетін халықаралық деңгейде қорғай отырып, өзіне тағдыр дайындаған барлық қиындықты жеңді», - деп қосты Уфук Тузман.


Соңғы жаңалықтар