23 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде – Инвестициялық саясат тұжырымдамасы қаралады.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.
10.00-де EXPO халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana - 2022 халықаралық көрмесі басталады.
11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
11.00-де Ұлттық кітапхана ғимаратында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) директоры Маттео Мекаччи арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылады.
14.30-да ҚР Ішкі істер министрлігінде Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған ІІМ-нің «Ашық есік күні» өтеді.
19.00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы өтеді.