23 маусымда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 маусым күні Қазақстанда өтетін негізгі шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

9.00-де Динара Сәдуақасова Кубогы үшін Астананың мемлекеттік қызметшілері арасында шахматтан турнир өтеді.

12.00-де Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында «Хан Шатыр» ОСО алаңында «CABA» субаймағының ФИБА Азия Квест 3х3 турнирінің кезеңі өтеді. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанның ең мықты командалары қатысады.

17.00-де Астананың 20 жылдығына орай «Керуен» ОСО Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығы «Түрік фильмдерінің ай сайынғы көрсетілімі» шарасы аясында Қазақстандағы Түркия Елшілігінің қолдауымен «Басшы істің сәтті біткенін қалайды» фильмін көрсетеді.

19.00-де ЭКСПО аумағындағы Энергия холында «Астана» II Дүниежүзілік театр фестивалі аясында Бейжің халық көркем театры «Шабдалы гүлін жақсы көремін» туындысын ұсынады.

АЛМАТЫ

10.30-да «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде «Ұлы дала - көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі басталады.

13.00-де «Астана» алаңында Қазақстан полициясы күніне, сондай-ақ Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

15.00-де О. Жарылғапов атындағы спорт кешенінде «Азамат» волейбол клубының бұрынғы ойыншыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

17.00-де «Ариал» гольф-клубында Esquire Kazakhstan журналы жаңартылған форматта бесінші Esquire Picnic шарасын өткізеді.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

20.00-де Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана» атты би фестивалі өтеді.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

9.00-де Өскемен қаласында Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары санитарлық тазарту бойынша акция өткізеді.

9.00-де Жарма ауданы Қызылағаш ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Туған жер» жерлестер кездесуі өтеді.

18.00-де Күршім ауданындағы Мәдениет үйінде ақын, композитор, Күршім ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері, аудан ақсақалдарының төрағасы Нұрсовет Қайыровтың ән кеші болады.

Соңғы жаңалықтар