23 маусым. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат сәрсенбі 23 маусымға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


81 жыл бұрын (1941) Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Есмұхан Несіпбайұлы ОБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын, Мәскеудегі Максим Горький атындағы академиялық театр курсын бітірген. Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының, Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының қоюшы режиссері, Абай атындағы Семей облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының ректоры болған.

1995-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Режиссер ретінде З. Ақышевтің «Жаяу Мұса», Тахауи Ахтановтың «Боран», М. Кәрімнің «Ай тұтылған түн», Ш. Құсайыновтың «Сертке серт», Қ. Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керек», Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» және «Қашқар қызы», Бейімбет Майлиннің «Шұға», Роллан Сейсенбаевпен бірлесіп жазған «Өзімді іздеп жүрмін» және Әкім Таразидің «Індет» спектакльдерін қойды. Семей музыкалық драма театрының бас режиссері болып, осы театр сахнасына бірқатар спектакльдер шығарды: Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», «Абай», «Қарагөз», Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу», Сафуан Шаймерденовтің «Әнім сен едің», Е. Рахмадиев пен Ғабит Мүсіреповтің «Қайран, Майра», Дулат Исабековтің «Әпке» мен «Ертеңді күту», О. Бодықовтың «Қош бол, Бөрібасар», М. Сәрсекеевтің «Жарылыс», Қалтай Мұхамеджановтың «Комиссар Ғаббасов», Ж. Файзидің «Башмағым», Ф. Эрвенің «Түлкі бикеш» спектакльдері бар.

«Парасат» орденімен марапатталған. Ол Германияда, Үндістанда, Кореяда, Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда және тағы басқа елдерде өткен қазақ өнерінің мәдени күндеріне шығармашылық жетекшілік жасаған.

71 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, контр-адмирал Ратмир Әлімханұлы КОМРАТОВ дүниеге келді.

Қазіргі Тараз қаласында дүниеге келді. Севастополь жоғарғы Әскери-теңіз инженер училищесін (1973), адмирал Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясын (1990) бітірген. 1973-1982 жылдары Камчаткадағы (Ресей) 2-ші Флотилияның стратегиялық мақсаттағы ракеталық сүңгуір қайықтарында түрлі лауазымдық қызметтер атқарған.

Еңбек жолы: КСРО ӘМФ қызметі (1973-1992 жж.); ҚР Қорғаныс өнеркәсібі жоспарлы-экономикалық басқармасының бастығы (1992 ж); ҚР Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы бастығының орынбасары (1993 ж); әскери-теңіз базасының командирі, Әскери-теңіз базасы қолбасшысының қару-жарақ және кеме жасау жөніндегі орынбасары – ҚР ӘТК қару-жарақ және кеме жасау басқармасының бастығы, ҚР ӘТК қолбасшысы, 1-ші әскери-теңіз базасының командирі, ҚР ҚМ Бас әскери инспекциясының генерал-инспекторы (1993-2001 жж.); Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары; Батыс әскери округінің әскер қолбасшысы (2002 ж); «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2003-2008 жж.); ҚР ӘТК Бас Қолбасшысы (2008 жылдың қарашасынан бастап); Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары (2009 ж); «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2010-2011 жж.); «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты« ЖШС Бас директоры (2011-2015 жж.); «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ департамент директоры (2015-2018 жж.); Киров атындағы зауыттың бас директорының орынбасары (2018-2019 жж.); «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі (2019-2020 жж.)

2-ші дәрежелі Даңқ орденімен,19 КСРО және ҚР медальдарымен марапатталған.

55 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «Солтүстік» өңірлік департаментінің бастығы Мұхтар Солтанбекұлы САБИДОЛДАНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. M.В. Фрунзе атындағы Омбы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1991), Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін (2005) бітірді.

Офицерлік қызметте взвод командирі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету басшысының орынбасары, автомобиль және бронетанкілік қызметтің басшысы, Өңірлік басқарма басшысының орынбасары, ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2018 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Абзал Меңдібайұлы МЕҢДІБАЕВ дүниеге келді.

Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тау-кен инженері мамандығы бойынша, «Қайнар» университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1996-1997 жылдары – «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ №1, № 8 мұнай кәсіпшілігінің төртінші дәрежелі мұнай және газ өндіру операторы. 1997-1998 жылдары – «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ № 1, мұнай және газ өндіру шебері. 1999-2000 жылдары – «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ №1, №8 Мұнай кәсіпшілігі бастығының орынбасары. 2000-2001 жылдары – «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ №1, тәжірибелік-эксперименттік өндірістік басқармасының жетекші инженер-технологы (ЭББ), мұнай және газ өндіру, қабаттық қысымды ұстап тұру цехының басшысы. 2001-2004 жылдары – «Өзенмұнайгаз» ААҚ, Мұнай және газ өндіру департаментінің жетекші инженері. 2004-2005 жылдары – «Өзенмұнайгаз» ААҚ, Мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары. 2005-2006 жылдары – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Инновациялық технологиялар департаментінің бас менеджері. 2006-2008 жылдары – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Мұнай және газ департаментінің өндіріс бөлімінің басшысы. 2008-2009 жылдары – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Өндірісті басқару департаменті директорының орынбасары. 2009-2010 жылдары – «Қазгермұнай» ЖШС, Өндірістік техникалық департамент директорының орынбасары. 2010 жылы – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, Өндірістік департаментінің директоры. 2011 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Өзенмұнайгаз» филиалы директорының бірінші орынбасары. 2011-2012 жылы «Өзенмұнайгаз» филиалының директоры; «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры. 2013-2020 жылдары «ҚазАзот» ЖШС «Шағырлы-Шөмішті» филиалының директоры. 2020-2021 жылдары – «Каспий» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы. 2021-2022 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары. Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың наурызынан.


Соңғы жаңалықтар