23 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі: Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер
2018 жылғы 23 маусым 06:50

23 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі: Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 23 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.

23 маусым, СЕНБІ

Қазақстан полициясы күні

1992 жылы 23 маусымда ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы маусымның 5-інде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен маусымның 23-ін - Полиция күні деп бекітті.

Мемлекеттік қызметші күні

2013 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілді.

Халықаралық Олимпиада күні

Бұл мерекені атап өту бастамасын 1948 жылы Санкт-Морицте (Швейцария) өткен қырық екінші сессиясының барысында Халықаралық Олимпиада комитеті ұсынған. Бұл дата кездейсоқ алынған жоқ, 23 маусым - заманауи Олимпиада қозғалысы құрылған күн деп есептеледі. 1894 жылы бұл күні Сорбоннада өткен конгресте Пьер де Кубертеннің Олимпиада ойындарын жандандыру бастамасы қолдауға ие болып, Халықаралық Олимпиада комитеті құрылды.

Халықаралық Олимпиадалық жүгіру күні

Қазіргі Олимпиадалық қозғалыстың басшы органы - ХОК-тың құрылған жылынан (1894 жылғы маусымның 23-і) бастап атап өтіледі.

БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні

2002 жылы 20 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамлеясының шешімімен бекітілген.

Люксембург Ұлы Герцогтігінің Ұлттық мейрамы - Ұлы Герцогтың туған күні (1921)

Люксембург - Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және батысында Бельгиямен, шығысында Германиямен, оңтүстігінде Франциямен шектеседі. Әкімшілік жағынан 3 округке бөлінеді. Астанасы - Люксембург қаласы. Мемлекеттік тілі - француз және неміс тілдері. Ақша бірлігі - еуро. Люксембургтің басқару формасы - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы - Люксембург Ұлы Герцогы. Жоғары заң шығарушы органы - парламент (Депутаттар палатасы). Жоғары атқарушы органы - Үкімет.

Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 29-да орнатылды.

Молдова Республикасы тәуелсіздігін жариялаған күн (1990)

Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы шілденің 31-де орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1947 жылы Кеңес үкіметі Капустин Ярда (Астрахань облысы) ракеталық полигонды салу туралы шешім қабылдады. Полигон зардабын еліміздің батыс өңірлерінің тұрғындары көп көрді.

1992 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы Ұлттық патент ведомствосы (Қазпатент) құрылды. Елбасының 1995 жылғы 19 қазандағы Жарлығымен ҚР Министрлер кабинеті жанындағы Ұлттық патент ведомствосы ҚР Ұлттық патенттік ведомствосы болып қайта құрылды.

1993 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Өкімімен Алматы шет ел тілдері педагогикалық институты Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университеті болып қайта құрылды. (Қазіргі «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ).

1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» қаулысы жарияланды.

1995 жылы Баку қаласында Абайдың 150 жылдығына арналған мерейтой өтті.

2000 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Жыл адамы» атты академиялық кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды. Көрмеде Президент өмірін толық қамтитын отандық және шетелдік баспалардың мыңнан аса кітабы қойылды. Сонымен қатар көрмеде Президенттің ғылыми шығармалары таныстырылды. Бұл бөлімде әлемнің көптеген тілдерінде жарық көрген кітаптары қойылды.

2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіруді жеделдету және мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процестерін жеңілдету бойынша шаралар туралы» қаулыға қол қойды.

2001 жылы елордада «SOS Астана балалар қалашығы» ашылды.

2005 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен әскери-экономикалық ынтымақтастық бойынша Мемлекетаралық комиссия құрылды.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Елбасына Құрмет грамотасын Минскіде өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің мемлекет басшылары деңгейіндегі сессиясы барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко табыс етті. Қазақстан басшысына бұл марапат Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағын қүруда, қоғамдастыққа мүше-елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді.

2009 жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» («Назарбаев Нурсултан Абишевич - основатель независимого государства») деп аталатын кітаптың таныстырылымы болды.

Кітаптың жобасын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяғанның жетекшілік етуімен аталмыш институт ғалымдары дайындады.

2009 жылы Петропавлда Қазақстан полициясы күнi Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi ғимаратының алдында iшкi iстер органдарының қызметтiк мiндеттерiн орындау кезінде апатқа ұшыраған қызметкерлерге арналған ескерткiш салтанатты түрде ашылды.

Мемориалды тақтада әртүрлі жылдары, түрлі шендегі бірдей жағдайда қайтыс болған 8 адамның аттары ойылып жазылған.

2010 жылы Иорданияның астанасы Амман қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген көшені салтанатты ашу рәсімі өтті.

Шара иордан фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуімен басталды. Амман қаласының мэрі мен Астана қаласының әкімі салтанатты жағдайда біздің Президентіміздің есімі жазылған тақтайшаның шымылдығын ашты.

Амман қаласының мэрі Иордания королі Абдалла ІІ мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы қалыптасқан ынтымақты байланыстар үлгі етуге тұратынын және достас екі елдің мүддесіне қызмет ететінін атап өтті. Қазақстан көшбасшысының екіжақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту ісіндегі сіңірген еңбегін, және Амман мен Астана бауырлас қалалар екенін ескере отырып, корольдік әулеттің бастамасымен Амман қаласының муниципалитеті Иордания астанасының орталық көшелерінің бірін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы шешім қабылдады.

2010 жылы Душанбеде Тәжікстан Журналистерінің одағында тәжік тілінде «Панднома» деп аталатын Абайдың «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері болып өтті. Бұл - Қазақстан Республикасы Елшілігінің, Тәжікстан журналистер одағының және «Тәжікстан-Қазақстан» достық қоғамының бірлескен жобасы.

2010 жылы Ресейде Батыс Сібір қазақтары туралы «Откочевники» кітабы жарыққа шықты. Авторы - Түменнің танымал тілшісі, «Musliminfo» газетінің бас редакторы Қалел Қабдолуахитов.

2011 жылы Алматыдағы ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) «Қазақстан мен Ислам конференциясы ұйымы» ұжымдық монографиясының таныстырылымы болып өтті. Ол Ислам конференциясы ұйымының қызметін зерттеуге, сондай-ақ ҚР-ның бұл ұйыммен өзара қатынастарына арналған.

2011 жылы Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында танымал суретші, ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері Қайырбай Зәкіровтің «Құс жолы» атты альбомының таныстырылымы және оның туындыларының көрмесі болып өтті.

2011 жылы Павлодар облыстық ТЖД қызметінің 32 өрт сөндірушісіне 2010 жылдың 8 қыркүйегінде Алтай өлкесіндегі орман өртін сөндіруге көрсеткен көмегі үшін РФ ТЖ министрлігінің «Құтқару жолындағы достастық үшін» ресейлік медальдары табысталды.

2011 жылы Вашингтондағы Potomac Institute for Policy Studies атты беделді зерттеу орталықтарының бірінде «Қазақстан-АҚШ стратегиялық серіктестігі: өткеннің тәжірибесі мен болашақ әлеуеті» атты форум ұйымдастырылды.

2013 жылы Нью-Йорк штатының астанасы Олбани қаласында Түркі халықтары күні мерекеленді.

2013 жылы Жамбыл облыстық ІІД басшылығының бастамасымен «Міндет, Абырой, Ерлік» төсбелгісі шығарылды.

2013 жылы Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени, әдебиет-мемориалдық мұражай-қорығында «Абай әлемін таны» атты облыстық акция басталды.

2013 жылы бүкіл әлемге танымал «Коника Минолта» компаниясы» ҚазҒУ-да алдыңғы қатарлы технологиялар зертханасын ашты.

2014 жылы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде қазақ ақыны және жазушысы Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының түрік тіліне аударылған нұсқасының салтанатты тұсаукесері өтті.

2014 жылы Мемлекет басшысы түймені басу арқылы Ақтөбедегі ферроқорытпалар зауытындағы бірінші балқыту пешін іске қосты.

2014 жылы Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия экономикалары үшін Арнайы бағдарламасының көлік және шекаралардан өту бойынша Жобалық жұмыс тобының 19-шы отырысы болып өтті.

2015 жылы Астанада Қуыршақтар театры ғимараты ашылды. Ашылу салтанатында «Қаңбақ шал» қазақ халық ертегісінің желісі бойынша қойылымы көрсетілді.

2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында фармацевтикалық кластер құрылды.

2015 жылы Алматыда Қазақстанда алғаш рет Аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықтың салтанатты ашылуы өтті.

2016 жылы Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Ташкентке барды. Сондай-ақ сапар барысында шетел мемлекеттерінің көшбасшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өтті.

2016 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» арнасына сұхбат берді. Ресейлік журналист М. Гусманмен әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық күнтәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатына қатысты ауқымды сұрақтарға жауап берді.

2016 жылы Мехикода Қазақстан Республикасының Мексикадағы елшілігін ресми ұлықтау шарасы өтті.

ЕСІМДЕР
null 110 жыл
бұрын (1908-1979) музыка зерттеушісі, профессор АРАВИН Петр Васильевич дүниеге келді.

Ресейдің Пенза облысында туған. Мәскеу консерваториясының музыка тарихы және теориясы факультетін бітірген. 1938-1940 жылдары Архангельск қаласындағы музыка училищесінде және филармонияның халық шығармашылығы бөлімінде жұмыс істеген. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946-1948 жылдары Кишинев консерваториясының директоры болған. 1948 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы консерваториясында ұстаздық еткен. Аравин қазақ музыкасын зерттеуде, оның ерекшелігін теориялық тұрғыдан талдауда мол мұра қалдырған. Оның мерзімді баспасөз құралдары мен әр түрлі музыкалық жинақтарда жарияланған «Дәулеткерейдің 3 портреті», «Дәулеткерей күйлері», «Ұлы күйші Дәулеткерейдің өмірі мен шығармалары», «Домбыра құрылысының үндік жүйесі», «Қазақ күйлерінің шарықтау құрылысы», «Қазақ аспаптық музыка жанрлары», «Құрманғазының музыкалық стилі мәселесі», «Құрманғазы шығармаларындағы қоштасу жанры», «Қазақ музыка фольклорындағы қоштасу жанрының әлеуметтік-эстетикалық табиғаты», «Орыс ғалымдары 18 ғасыр мен 19 ғасырдың 1 жартысындағы қазақ музыкасы туралы», «Батыс пен Шығыс музыка жүйесінің қарым-қатынас мәселесі», «Қазақ әндерінің ырғақтық құрылысы», «Шынтемір мен Мақтымсұлу жайлы аңыз», т.б. еңбектері қазақ музыкасын зерттеудегі өте құнды еңбектер болып табылады.

85 жыл бұрын (1933-2013) кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері НҰҒЫМАНОВ Асылбек Ғазизұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысының Арал қаласында туған. Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтын бітірген. «Қазақфильм» студиясында режиссер болып бірнеше деректі ленталарды түсірген. 1978 жылы «Үндістанмен кездесу» және «Йеменнің аптабында» деген деректі-хроникалық фильмдерді жасаған. «Медеу. Ерлікке толы күн мен түн», «Армысың Тың өлкесі», «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» және «Ерлік туралы аңыз» атты деректі фильмдер топтамасы үшін 1976 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алған.

«Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.


null 77 жыл
бұрын (1941) Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының кеңесшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық әртiсi, өнертану ғылымының профессоры, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты ОБАЕВ Есмұхан Несіпбайұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын, Мәскеудегі Максим Горький атындағы академиялық театр курсын бітірген. Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының, Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының қоюшы режиссері, Абай атындағы Семей облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының ректоры болған. 1995-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары, орынбасары, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Ол режиссер болып З.Ақышевтің «Жаяу Мұса», Тахауи Ахтановтың «Боран», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», Ш.Құсайыновтың «Сертке серт», Қ.Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керек», Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» және «Қашқар қызы», Бейімбет Майлиннің «Шұға», Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі бойынша, Роллан Сейсенбаевпен бірлесіп жазған «Өзімді іздеп жүрмін» мен Әкім Таразидің «Індет» спектакльдерін қойды. Семей музыкалық драма театрының бас режиссері болып, осы театр сахнасына бірқатар спектакльдер шығарды: Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», «Абай», «Қарагөз», Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу», Сафуан Шаймерденовтың «Әнім сен едің», Е.Рахмадиев пен Ғабит Мүсіреповтің «Қайран, Майра», Дулат Исабековтің «Әпке» мен «Ертеңді күту», О.Бодықовтың «Қош бол, Бөрібасар», М.Сәрсекеевтің «Жарылыс», Қалтай Мұхамеджановтың «Комиссар Ғаббасов», Ж.Файзидің «Башмағым», Ф.Эрвенің «Түлкі бикеш» спектакльдері бар.

«Парасат» орденімен марапатталған. Ол Германияда, Индияда, Кореяда, Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда, т.б. елдерде өткен қазақ өнерінің мәдени күндеріне шығармашылық жетекшілік жасаған.

null 63 жыл бұрын (1955) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ТӘШІМОВА Нұрзада Тұрсынбекқызы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қазақ академиялық драма театры (Қазақ ұлттық өнер академиясы) жанындағы студияны бітірген.

1974-2005 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының кұрамында болды. 2005 жылдан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының құрамында еңбек етеді.

Театр сахнасында Нигара (С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде»), Қарлығаш, Ажар (М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыландысы» мен «Абайында»), Шырын (Н.Хикметтің «Фархад - Шырынында»), Нәзиля (Д.Исабековтің «Әпкесінде») рөлдерін сомдаған. Сондай-ақ, «Абай» (Мағыш), «Беу, қыздар-ай!» (Айсұлу), «Шоқан Уәлиханов» (Фатима) телефильмдерінде ойнаған.

Гастрольдік сапармен Қазақстанның барлық облыс орталықтарында, алыс-жақын шет елдерде болып өнер көрсетті.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT