23 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 мамыр күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

09.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобасының іске қосылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де Ұлттық баспасөз клубында «Қазақстанда утильалым ашық болуы тиіс әрі онда Ресей мен Беларусь мүдделерінің лоббиі болмауы керек – сарапшылар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

11.00-де онлайн-көрсетілім форматында брифинг өтеді. Брифинг тақырыбы: «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі». Спикер: Мұратәлиев Жандос Дүйсебайұлы – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

14.30-да «Елбасы академиясы» креатифті фондында ҚР БҒМ-мен әріптестік аясында өткен «1000 бала» ұлттық интелектуалдық олимпадасының қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында ArtSport тегін шығармашылық үйірмелер мен секциялар бағдарламасы жайлы конференция өтеді. Оған осы жобаның негізін қалаушы Аружан Саин, осы алаңды ұйымдастырушы Сергей Алабугин, Нұр-Сұлтан қаласынан жобаға қатысушылар және осы бағдарламамен айналысатын ата-аналар қатысады. Шараға елордалық спорт, мәдениет басқармалараның өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаттары шақырылады.

15.00-де Ұлттық академиялық кітапханада танымал этнограф, суретші Ералы Оспановтың «Атлас казахского орнамента», «Қошетер» казахские народные ремесла» кітаптарының таныстырылымы өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Rixos Almaty қонақ үйінде әлемдік сүт нарығындағы ең ірі іс-шаралардың бірі - IX сүт саммиті өтеді.


Соңғы жаңалықтар