23 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Ертең, 23 мамырда Астана мен Алматыда бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады. Республиканың басқа аймақтарында да қоғамдық маңызы бар оқиғалар болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

АСТАНА

Сағат 9.30-да «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша Астанадағы бірқатар білім беру мекемелеріне барады.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы болады.

Сағат 10.00-де Назарбаев Университетінде VII Халықаралық  университет кітапханасын дамытудың жаңа жаһандық үрдістері туралы конференция өтеді.

Сағат 11.00-де Тәуелсіздік сарайының мәжіліс залында алдағы "Kazakhstan Fashion Week Astana" сән апталығы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.50-де Астана халықаралық әуежайының әскери бөлімі аумағында V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалар көрмесінің ресми ашылуы болады.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтардың Үкіметі» мемлекеттік корпорациясының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат14.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» корпоративтік қорының «Өзіңнен баста» жобасына арналған баспасөз мәслихаты болады.

Сағат 15.00-де Сенатта Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебі тыңдалады.

Сағат  16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде 2018 жылдың 6 маусымынан 16 шілдесіне дейін болатын инновациялық гранттарға өтінімдерді беру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 17.00-де «Қазмедиа орталығында» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі.

АЛМАТЫ

Сағат 9.00-де "The  Ritz-Carlton"-де 15-ші Еуразиялық медиа форумының ашылу салтанаты өтеді.  Халықаралық коммуникациялық алаң 2002 жылы құрылған. Және жыл сайын өзінің ақпараттық алаңында әлемнің 60 елінен 500 делегаттың басын біріктіреді.

Сағат 9.00-де Орталық анықтамалық зертханада ашық күн өтеді. Бұл күні зертханада экскурсиясы ұйымдастырылып,  зертхананың мақсат-міндеттері туралы айтылып, жұмыс барысы таныстырылады.

 Сағат  10.00-де «Тұран»  университетінде «Қазақстандық медициналық туризм брендін қалыптастыру және  халықаралық нарыққа медициналық қызмет көрсетуді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 10.00-де Алматы облысы, Талғар ауданы, Каменное Плато ауылында  контрабандамен күресу үшін  Кеден қызметі мен құқық қорғау бөлімдерінің басшыларының кездесуі болады.

Сағат 15.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-де Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының тұсаукесері және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.


АТЫРАУ

Сағат 10.00-18.00-де Ш.Сариев атындағы сәндік-қолданбалы өнер музейінде Астаналық Тәуелсіздік сарайының көрмесі өтеді.

Сағат 19.00-де Сұлтан Бейбарыс алаңында Астана қаласының Академиялық оркестрінің концерті өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 11.30-да Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде көрме өткізіледі. Онда ғалымдар оқулықтарға байланысты ой-пікірлерін білдіреді.

КӨКШЕТАУ

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Көкшетау қаласы №1 Құрылыс техникалық  колледжінде білім беру ұйымдары арасында «Үздік отбасылық қарым-қатынас  клубы» тақырыбында облыстық  конкурсы  өтеді.

ӨСКЕМЕН

Сағат 18.00-де ШҚО облыстық драма театрында (Өскемен қаласы, Сәтбаев көшесі-55) Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлының «Біртүрлі ақын» атты шығармашылық кеші болады. 

Соңғы жаңалықтар