+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

23 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 23 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
23 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат өз оқырмандарына 2019 жылғы 23 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1996 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті туралы» Жарлығы шықты. Жарылққа сәйкес, қаладағы екі жоғары оқу орны біріктіріліп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті құрылды.

1996 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қаулысымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сәйкестігін қалыптастыру тұжырымдамасы» мақұлданды.

2005 жылы ұлтымыздың біртуар азаматы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жетекшілік етуімен 1913 жылдан бастап Орынбор қаласында шығып келген «Қазақ» газетінің электронды нұсқасы жасалды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған жоба Орталық Азия аумағындағы алғашқы цифрлық құжат болып есептеледі. Онда зерттеушілер мен ғалымдар электрондық жүйе арқылы төл газетіміздің 247 нөмірімен таныса алады.

2012 жылы Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасының Премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесуінің аясында тараптар екі ел арасындағы бірлескен экономикалық бағдарламасы - «Жаңа синергияға» қол қойды.

Құжат мемлекеттердің сауда-экономикалық және инвестициялық салаларындағы ынтымақтастығын аталмыш өзара әрекеттестікке жаңа бағдарламалық мәртебе беру есебінен жаңа деңгейге шығаруды көздейді.

2012 жылы Алматы метрополитені көлік индустриясының «Алтын дөңгелек» халықаралық қоғамдық марапатының лауреаты атанды. Метрополитен «Қазақстан Республикасының көліктік индустриясының жобасы» номинациясында жеңіске жетті.

2013 жылы Венгрия елшісінің резиденциясында қазақстандық дипломат Рымтай Кәрібжановты «Рыцарь кресті» венгр орденімен марапаттау рәсімі өтті.
Марапатты Венгрияның халық шаруашылығы министрі Михай Варга тапсырды, ол дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бері Рымтай Кәрібжанов екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және кеңейтуге бағытталған дипломатиялық салада жемісті және тиімді жұмыс жүргізгенін атап өтті.

2014 жылы Талдықорғанда 22 жастағы мүгедек Елдос Баялышбаев мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған фитнес-клуб ашты.

Бірнеше жыл бұрын жол апаты салдарынан ол төсек тартып жатып қалған. Алайда, массаждың арқасында Елдос өзі отыруға қабілетті болды. Елдостың әкесі мен ағасы қолайлы жаттығу жабдықтарын жасап, үш жыл бойы ауыр жаттығу жалғасты. Нәтиже үмітті ақтап, Елдос аяққа тұрды. Балдақтың көмегімен ол өздігінен қозғалатын дәрежеге жетті.

Елдос өз жетістігін басқалармен бөлісуге бел байлап, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша үш миллион теңге грант ұтып алды. Баланың ата-анасы мен достары жаттығу құралдарын жасап, Талдықорған әкімдігі қолайлы ғимарат берді. Ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мүгедектерге арналған фитнес-клуб келушілерге өз есігін ашты.

2016 жылы Atameken businesschannel алғашқы қазақстандық бизнес жаңалықтар мультимедиялық арнасы жұмысын бастады.

www.abctv.kz телеарнасы - LiveStream режимінде жұмыс істейтін интернеттегі алғашқы ТВ-арна. Ақпаратпен қамту аймағы - Қазақстан, ЕАЭО, ТМД және әлем. Талдау бағдарламалары, нарықтағы ахуал, мамандар пікірлері, сараптамалық бағалау және т.б. ұсынылады.

2016 жылы өзінің әдеби-қоғамдық қызметінде Әзербайжан елінің жетістіктерін көпшілікке танытуда елеулі үлес қосқаны үшін қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Әзербайжан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапатталды. Қазақстанның халық жазушысына марапатты ҚР-дағы Әзербайжан Елшісі Рашад Мамедов «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдарының 1-ші форумы барысында табыс етті.

2017 жылы АҚШ-тың Сент-Питерсберг қаласында өткен Халықаралық бокс федерациясының (International Boxing Federation - IBF) 34-ші жыл сайынғы конвенциясы кезінде IBF / WBA / WBC / IBO орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге спортта жеткен жетістіктері үшін Джерси Джо Уолкотт атындағы арнайы сыйлық берілді.

2018 жылы Алматы облысының Ұзынағаш ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының аңызға айналған ақыны Жамбыл Жабаевқа ескерткіш ашылды. Ескерткіштің авторы - сәулетші Қазбек Жарылғапов. Ескерткіш «Туған жерге тағзым» қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынған болатын.

2018 жылы еліміздің мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін итальяндық Эцио Фриджерио II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. «Астана Опера» театрында көптеген танымал опера және балет спектакльдері үшін сценография жасаған Эцио Фриджерио біздің заманымыздың ең көрнекті дизайнерлерінің бірі. Әйелі, киім дизайнері, «Оскар» сыйлығының лауреаты Франк Скуарчапиномен бірге олар Қазақстан музыкалық театрының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

2018 жылы Бакуде«Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнердің көрнекті туындылары» атты Қазақстан Ұлттық мұражайы мен Әзербайжан Ұлттық мұражайының бірлескен көрмесі ашылды. Көрме «Алтын адамның әлем музейлерін аралауы» атты халықаралық көрме жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Көрменің басты экспонаты - Есікте табылған Қазақстанның символы ретінде белгілі «Алтын адам».

2018 жылы Астана қаласында жаңартылатын энергия көздері жобаларының алғашқы аукционы өтті. Бірінші аукцион жалпы қуаты 20 МВт болатын жел электр станцияларын таңдау үшін Солтүстік аймақ (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) үшін өткізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы-Смағұлова Еркежан

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT