23 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман болады, жел күшейеді. Тек республиканың батысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтілед.

Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау, түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар