23 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 23 қыркүйек күні, тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1961) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры Ерлан Мұхтарұлы АРЫН дүниеге келді.

1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философиялық-экономика факультетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясын академигі.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында стажер - зерттеуші қызметінен бастады. 1985-1992 жылдары - Қазақ КСРО Ғылым академиясының Экономика институтының аспиранты, ғылым қызметкері, ғылыми хатшысы, докторанты. 1992-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының Cтратегиялық зерттеу орталығы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Cтратегиялық зерттеу орталығы директорының бірінші орынбасары. 1994 жылы экономика ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Ұлттық экономиканың экспорттық бағдары (Қазақстан Республикасы материалдары бойынша)» тақырыбында диссертация қорғады. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтаудың вице-министрі, 1999 жылғы наурыздан 1999 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорттың бірінші вице-министрі, 1999 жылғы қарашадан 2001 жылғы ақпан аралығында - Қазақстан Республикасы Білім және ғылымның бірінші вице-министрі. 2001 жылғы ақпаннан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Павлодар облысының әкімі болды.

Қазіргі қызметінде – 2018 жылдан бастап.

«Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығымен марапатталған, Павлодар облысы мен Баянауыл ауданының Құрметті азаматы. 250-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде энциклопедия, монография, сөздіктер мен анықтамалықтардың, шетелдік баспаларда жарияланған мақалалардың авторы. Басты ғылыми еңбектері өтпелі қоғамның саяси және экономикалық даму мәселелерін зерттеуге арналған. Ғылыми мамандандыру экономика ашықтылығы теориясын әзірлеу, өтпелі экономиканы жаһандандыру, макроэкономикалық тұрақтандыру және нарықтық экономиканы әлеуметтік бейімдеумен байланысты.

60 жыл бұрын (1961) профессор, медицина ғылымдарының докторы, ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, хирург Нұрлан Мұхтарұлы АРЫН дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Хирург, медицина ғылымының докторы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Еңбек жолы: 1984-1990 жылдары – Алматы қалалық емханасының дәрігері. 1990-1994 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина университетінің ассистенті, доценті. 1994-1997 жылдары - Александр Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші қызметкері. 1998-2003 жылдары - осы орталықтың бөлім меңгерушісі. 2003-2005 жылдары - Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының «Мейірім» көппрофильді медициналық орталығының бас дәрігері. 2005 жылдан бастап «Privateclinic Almaty» көппрофильді медициналық орталығы бас директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары. Оның ғылыми жұмыстары соқырішектің іріңдеуі кезіндегі калликринкинин жүйесінің патофизиологиясына, ұлтабар, ішек, өт жолдарының бітелуіне байланысты жасалатын операциялардың ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Ол Қазақстанда алғаш рет балалар бауырының зақымданған бөлшектерін алып тастау (резекция) және асқазаннан жасанды (пластикалық) өңеш жасау операцияларын жүзеге асырды. Сонымен қатар Талдықорған, Түркістан, Павлодар, Астана, Қаскелең, Сарқанд қалаларында, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы, Павлодар облысының Бақал, Көктерек және Ленин елді мекендері тұрғындары үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, балалар мен ересектерге 700-ден астам операция жасаған. Ғалымның 220-дан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы, 11 әдістемелік ұсынысы және Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның 35 авторлық өнертабыс куәлігі бар. Нұрлан Арынның басшылығымен медицина ғылымының өзекті мәселелеріне арналған 3 ғылыми жұмыс жинағы жарық көрген. Балалар хирургиясы саласының 1 докторын, 8 кандидатын даярлаған. Сондай-ақ республикалық және шетелдік конференцияларда, симпозиумдарда, съездерде баяндамалар жасаған. «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1976) ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігі жетекшісінің орынбасары Ескендір Көпбосынұлы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ дүниеге келді.

Алматы облысындағы Қапшағай қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, заңгер. 1997 жылдан ҚР Жоғарғы сотында қаржы-шаруашылық бөлімінің аға маманы, іс жүргізу және бақылау бөлімінің референті, сот алқасының консультанты, қылмыстық істер жөніндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2001 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2003 жылдан – ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас сарапшысы. 2004 жылдан –ҚР Жоғарғы соты аппаратының кадрлар жұмысы басқармасының бастығы, кадрлар және мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдан – Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2006 жылғы қарашадан – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2011 жылдан бері.

44 жыл бұрын (1977) - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шариұлы МАМАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «SBT» ЖШС бухгалтері (1999-2000); Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің маманы, бөлім бастығы (2000-2003); бөлім бастығы, басқарма басшысы, Жамбыл облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары (2003-2006); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Ірі салық төлеушілерді басқару және мониторинг бөлімінің бастығы (2006-2008); Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы (05.2008-03.2012); Қарағанды ​​облысы бойынша салық департаментінің бастығы (07.03.2012 - 2014.); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы (11.2014 - 05.2017); ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры (2017-05.2019). Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың тамызынан бері атқарып келеді.


Соңғы жаңалықтар